Ақ халатты абзал жандар адам жанының арашасы болып қана қоймай, көпшілікке үлгі көрсету мақсатында спорттық жарыстарға да белсене қатысуда. №2 көпбейінді қалалық аурухананың қызметкерлері «Салауатты дәрігер – салауатты науқас» атты спартакиадада бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды. Астана қаласының медициналық ұйымдары арасында өткен додада біздің мамандар «Жеңіл атлетика» жарысы бойынша I орын, ал «Арқан тарту» жарысынан I I орын иеленді.
Кез-келген адамның дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты. Осы ретте ақ халаттылар барша ел азаматтарын спортқа ерекше назар аударуға, әрдайым қозғалыста болып денсаулықты нығайтуға шақырды. Айта кетейік, бас шаһарымызда 22 ақпанда бастау алған спартакиада 9 спорт түрінен өтті. Барлығы 38 медициналық ұйым конькимен жүгіру, шахмат, боулинг, үстел теннисі, волейбол, мини-футбол және гір көтеру бойынша жарысқа түсті.






Аталған мемлекеттік қызмет қазақстандықтар үшін биыл қолжетімді болады. Бұл жаңалық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту шеңберінде іске асырылады. Қызмет «электронды үкімет» порталында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады. Әрбір азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзі үшін жасалған аударымдарды қадағалау мүмкіндігіне ие болады.