«№2 көпбейінді қалалық ауруханада» Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының үш жүз мың тұрғыны дүниеге келді

«№2 көпбейінді қалалық ауруханада» Астана қаласы Есіл ауданының үш жүз мың тұрғыны дүниеге келді



Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Оралұлы Жәкенов, әлеуметтік сала қызметі бөлімінің басшысы Саркенова Қарлығаш Сәбитқызы және «№2 көпбейінді қалалық аурухананың» директоры Н.Н.Тұрсынбаев жас ананы жыл басынан бері елорданың үш жүз мың тұрғыны болып туған қызының дүниеге келуімен құттықтады. Қыздың есімі Ясмин, салмағы 3000 грамм және бойы 52 см болып туылды.

Жас ана Ақмарал Мадиярованың жағдайы жақсы, «Аурухана дәрігерлеріне, әсіресе Мұхтар Орынбасарұлы мен Клара Ташкенбайқызына үлкен рахмет айтамын, Аурухана қызметкерлері қатты ұнады, босану кезінде мені жалғыз қалдырмады»-деп алғысын білдірді.

Ата-анасын қызының дүниеге келуімен құттықтаймыз! Сәбиге денсаулық және отбасына амандық тілейміз.