Құрметті пациенттер!
Біздің мекемеде Сіздерге дәрігердің кеңес беруінен бастап, стационарда кешенді тексерілу және емделуге дейінгі медициналық қызметтердің кең спектрі ұсынылған.
Біз Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау мен күшейтуге ұмтылудамыз және біздің ауруханада жатуларыңыз ыңғайлы, ал сауығуларыңыз тез болуы үшін қолымыздан келген жағдайлардың барлығын жасаймыз.
Біздің басты мақсатымыз – Сіздерге сапалы медициналық қызмет көрсету.
Сіздерден медициналық қызметкерлердің қиын еңбек жолына түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Егер қызмет көрсету барысында медициналық қызметкерлер әділетсіз және дөрекі әрекеттер көрсетсе немесе жемқорлықтың орын алу белгілері пайда болған жағдайда, 577-225 байланыс нөмірі арқылы, тікелей маған хабарласуларыңызға болады.
Құрметпен, «№2 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК директоры Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы
Сәлеметсізбе, Айнур Сагаткалиевна!
Сізге бас дәрігердің блогына жазғаңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Сіздің алғыс сөздеріңіз жалпы хирургия бөлімшесінің қызметкерлеріне жеткізілді.
Қүрметті Камила Жаңбырбайқызы
№2 қалалық аурухана сіздің 2017 жылғы наурыздың 24-дегі жазған шағымыңызға байланысты келесіні хабарлайды.
№2 қалалық аурухананың ішкі аудит бөлімі №7 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары А.Б. Абикеевамен телефон арқылы хабарласты.
№7 қалалық емхана учаскелік дәрігері сізбен хабарласып, сіздің жағдайыңызға байланысты туындаған сұраққа толық мәлімет беретінін айтты.
Пациенттерді амбулатория деңгейінде толық тексерістен өткізген соң, Портал арқылы госпитализацияға жіберіледі. Тексерулер мен мамандардың консультациялары №2 ауруханада ақылы жүргізіледі.
Учаскелік дәрігер әкімшілік квота беруге сіздің кұқығыңыздың негізін анықтаған соң,сізге жолдама береді.Сол кезде сізді №2 қалалық ауруханада тегін консультациялық кеңес пен компьютерлік диагностика өткізуге болады.
Сәлеметсізбе, құрметті Кульшат! Сізге Астана қаласының № 2 қалалық балалар ауруханасына хабарласуыңыз керек.