Ішкі аудит және пациентті қолдау қызметі бөлімі (бұдан әрі- ІА және ПҚҚБ) Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметінің негізгі міндеттері:
- «№ 2 көпбейінді қалалық аурухананың» медициналық көмек сапасын басқару бойынша қызметін үйлестіру;
- пациенттің сұрау салулары мен күтулерін қанағаттандыруға бағыттау;
- көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасына бағыттылығы;
- пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтер көрсету кемшіліктерін төмендету;
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тәртібін, пациент пен отбасының құқықтарын сақтау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік-құқықтық актілердің және денсаулық сақтау саласындағы талаптарын сақтау;
- әрбір қызметкердің медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз арттыру процесіне қатысуын ынталандыру;
- медициналық қызметтердің сапасы және пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуге жүйелі көзқарас.
Егер сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметі бөліміне жүгініңіз. Бөлім сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.
Сіз өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді бірінші қабаттағы кіреберісте және тіркеу бөлімінің жанында ілінген «Шағымдар мен ұсыныстар» жәшігіне қалдыра аласыз.
Біз Сізге «№ 2 көпбейінді қалалық ауруханасының» медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікір мен ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
ІА және ПҚҚБ қызметкерлерінің құрамы:
- Айтуғанова Ләззат Ғабидқызы – пациенттерді қолдау қызметі және ішкі сараптама бөлімінің меңгерушісі. Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, EMBA денсаулық сақтау саласындағы іскерлік әкімшілік магистрі.
Еңбек өтілі: 6 жыл - Тыныштықова Зәуреш Сарамбетқызы – медициналық сарапшы, жоғары біліктілік санатындағы денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, жоғары біліктілік санатындағы терапевт, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы. Денсаулық сақтау.
Еңбек өтілі: 29 жыл - Ережепова Қалбуби Айтжанқызы – бірінші санатты, жалпы тәжірибелік дәрігер.
Еңбек өтілі: 35 жыл - Ғабдрашитова Әсем Жәлелқызы – пациенттерді қолдау және ішкі тексеру қызметінің дәрігері. Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушы.
Еңбек өтілі: 5 жыл - Марал Әміржанқызы Темерболатқызы – пациенттерді қолдау және ішкі тексеру маманы.
Еңбек өтілі: 1 жыл - Қожахметова Шолпан Бутинбаевна – аға медициналық сарапшы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің акушерлік және гинекология саласындағы аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы, біліктілігі жоғары санатты акушер-гинеколог.
Еңбек өтілі: 40 жылдан астам - Рустемова Күлсара Рүстембекқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, медициналық сарапшы, аккредиттелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тәуелсіз сарапшысы, біліктілігі жоғары
Еңбек өтілі: 40 жыл
Біздің байланыс ақпаратымыз:
Астана қаласы, Рысқұлов көшесі, 6-үй, 4 қабат - клиникалық блок,
Астана қаласы, Рысқұлов көшесі, 8-үй, 1 қабат – акушерлік блок.
Телефондары: 8 (7172) 43-28-82; 8 (7172) 43-27-15; 8 (7172) 43-47-41.