Әкімшілік

Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы – Астана қаласы әкімдігінің "№2 көпбейінді қалалық аурухана" ШЖҚ МКК директоры. Жоғары санатты хирург дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты,бірінші санатты қоғамдық денсаулық сақтау менеджері. «Үздік менеджер» номинациясының жеңімпазы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен «Шапағат» мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.

Еңбек өтілі: 24 жыл

Жұмыс кестесі: апта сайын,  бейсенбі, 11:00-13:00 (кезекпен)

 

Алиев Мажит Фуркоевич – хирургиялық көмек жөніндегі директордың орынбасары. 

Жалпы хирургия саласындағы жоғары санатты дәрігер. Астана медицина университетінің түлегі. Қазақстан мен Ресейде біліктілігін жетілдірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек өтілі: 12 жыл, оның ішінде 6 жылы басшылық қызметте

Жұмыс кестесі: апта сайын, сейсенбі және бейсенбі күндері, сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін

Шегенов Ғалым Әміржанұлы – директордың босануға көмек көрсету жөніндегі орынбасары, жоғары біліктілік санатты акушер-гинеколог дәрігер, денсаулық сақтау менеджері. Астана медицина университетінің түлегі. «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі бар; ғылыми қызмет аясында жатыр миомасы мәселелерін, сондай-ақ жедел акушерлікті зерттеумен айналысқан. «Ұлттық эндометриоз лигасы» ҚБ және «Қазақстандық жас денсаулық сақтау көшбасшылары қауымдастығы» РҚБ басқарма мүшесі.

Жұмыс өтілі: 17 жыл

Қабылдау кестесі: әр аптаның сейсенбі және жұма күндері, сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Ибраева Сәуле Жамантайқызы – №2 көпбейінді қалалық ауруханасының амбулаторлық қызметінің басшысы, жоғары біліктілік санатты акушер-гинеколог дәрігер, денсаулық сақтау менеджері, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері.

Жұмыс өтілі: 25 жыл

Жұмаханов Нұрбол Абдиханович - әкімшілік-шаруашылық қызметінің басшысы. 

Заңгер, әкімшілік басқару және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында 15 жылдық кәсіби тәжірибесі бар маман. 2023 жылдан бастап №2 Қалалық көпбейінді ауруханада қызмет атқарады.

2026 жылғы қаңтардан бастап әкімшілік-шаруашылық қызметін басқарады.

Аурухананың әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыруға, ғимараттар мен инженерлік жүйелерді пайдалануға, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және бақылауға, сондай-ақ аумақты абаттандыру мен күтіп-ұстауға жауапты.

Мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында басшылық және заңгерлік лауазымдарда елеулі еңбек тәжірибесі бар.

Жұмыс өтілі: 15 жыл

Османалиева Динара Абдумажитовна – бас мейіргер

Акбарова Акмарал Маратовна – бас акушерка. Алматы республикалық медициналық колледжінің түлегі.

Жұмыс өтілі: 20 жыл

Бақытжан Әділхан Бақытжанұлы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс –офицер. "Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті" заң факультетін бітірген.

Еңбек өтілі: 28 жыл