Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап №2 КҚА дәрігерлік персоналы мен орта медициналық персоналының жалақысы тиісінше орта есеппен 30%-ға және 20%-ға өсті.
Дәрігерлік медициналық персонал бойынша:
1) Егер 2021 жылға дейін 7 жылдан 10 жылға дейінгі өтілі бар жоғары санатты хирург дәрігерінің жалақысы 208 647,63 теңгені құраса, 2021 жылдан бастап жоғары санатты хирург дәрігерінің жалақысы 250 292,21 теңгені құрайды;
2) Егер 2021 жылға дейін 7 жылдан 10 жылға дейінгі өтілі бар жоғары санатты терапевт дәрігердің жалақысы 163 520,28 теңгені құраса, 2021 жылдан бастап жоғары санатты терапевт дәрігердің жалақысы 220 207,31 теңгені құрайды;
Орта медициналық персоналға келетін болсақ:
3) Егер 2021 жылға дейін 7 жылдан 10 жылға дейінгі өтілі бар хирургиялық бейіндегі жоғары санатты мейіргердің жалақысы 127 625,45 теңгені құраса, 2021 жылдан бастап хирургиялық бейіндегі жоғары санатты мейіргердің жалақысы 146 291,54 теңгені құрайды;
4) Егер 2021 жылға дейін 7 жылдан 10 жылға дейінгі өтілі бар терапиялық бейіндегі жоғары санатты мейіргердің жалақысы 110 901,79 теңгені құраса, 2021 жылдан бастап терапиялық бейіндегі жоғары санатты мейіргердің жалақысы 133 903,64 теңгені құрайды.
Жалақыны көтеру ҚР Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы "ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес жүргізілді! "Сабақтастық. Әділдік. Прогресс"