Коронавирус инфекциясының 2-толқынына ауруxана дайындығын бақылау



25-қараша күні ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғинаяттың тапсырмасы бойынша  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК мониторингтік топ құрамында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары – Д.Б. Тұрлыбеков, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бар және Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А. С. Құрбанов қатысуымен COVID-19 пациенттеріне медициналық көмек көрсетуге дайындық бойынша стационарды аралап шықты.

Мониторингтік топ клиникалық және акушерлік блоктың қабылдау бөлімшені, инфекциялық бөлімшені, реанимация мен клиникалық–диагностикалық зертхананы жарақтандыруға ерекше назар аударды.

Клиникада пациенттер мен қызметкерлерге арналған кіру аймақтары қайта жабдықталып, таза және лас аймақтарға бөлінген. Қабылдау бөлімшесі мен реанимацияға арналған мамандандырылған палаталар қарастырылған.

Инфекцияға күдікті пациенттер келіп түскен кезде инфекциялық бокста қабылдайды-сауалнама жүргізеді, материал алады және КТ түсіреді. Егер күдік расталса, онда науқас персоналмен бірге оқшауланады.

Мониторинг қорытындысы бойынша стационарды қайта жабдықтау бойынша әкімшілік пен медициналық персонал тарапынан жедел және нәтижелі жұмыс атап өтілді.

Қорытындылай келе, әріптестер дәрігерлерге пациенттердің өмірі үшін күнделікті күресте мықты денсаулық тіледі!