
Астана қаласы және Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің жүкті әйелдерінде «№ 2 көпбейінді қалалық аурухананың» цитогенетикалық зертханасында сәтті жұмыс істеп тұрған «Fish-диагностик» бірегей диагностикалық кешенде жүктіліктерінің ерте мерзімінде іштегі ұрықтың хромосомдық ауруларын анықтауға қажетті медициналық-генетикалық зерттеп-қараудан өту мүмкіндігі пайда болды. Бұл тәсіл ДНК-зондтар (FISH тәсілі) амниотикалық сұйықтықтың белсенді емес жасушасын пайдалану арқылы молекулярлық-цитогенетикалық зерттеу асқыну қаупінсіз түтік ішінде зерттеу мүмкіндігін береді. Осы тәсіл басқа дамыған мемлекеттерде сәтті және кеңінен қолданылады, бірақ біздің елімізде ол ТМККК шеңберінде тегін жасалады.









