Директордың мейіргер ісі жөніндегі орынбасары бас акушермен бірге кір жуу бөлімшелерінде кезекті білімді тексеруді жүргізді

Кір жуу бөлімшелері стратегиялық маңызды объектілер болып табылады.



Алдымен, Сovid-19 пандемиясы басталғалы кір жуу қызметкерлері инфекцияның көзі болмас үшін эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, қорқынышты вируспен күресуде алдыңғы қатарда тұр.

Біздің ауруханада екі дезинфекциялық бөлімше бар. Төсек керек-жарақтары (матрастар, жастықтар, жайма, көрпелер) мынадай жағдайларда камералық дезинфекциялау әдісімен зарарсыздандырылады:
▪️ пациентті хирургиялық, травматологиялық бөлімшелерден, жүкті және босанатын әйелдерге арналған бөлімшелерден, балаларға арналған бөлімшелерден, инфекциялық бөлімшелерден шығарғаннан немесе ауыстырғаннан кейін жүргізіледі.
▪️ эпидемиялық айғақтар бойынша;
▪️ төсек-орын жабдықтары биоматериалмен ластанған кезде;
▪️ пациент қайтыс болғаннан кейін.
Гигиеналық тыстарды мықтап тігілген матрацтар мен жастықтар дезинфекциялау құралдарымен тыстарды сүрту немесе булау жолымен залалсыздандырылады.
Таза және лас киім-кешекті тасымалдау буып-түйілген түрде таңбаланған жабық ыдыста («таза», «лас» киім-кешек) жүзеге асырылады. Таза киім-кешек арнайы бөлінген үй-жайларда стеллаждарда, шкафтарда сөрелерде сақталады.