«№2 көпбейінді қалалық аурухана» базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша жиналыс өтті. Жиналыс барысында шақырылған спикерлер сөз сөйледі: Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жылкышиева Жазира Жақсылыққызы; Садыбек Түгел жазушы, департамент жанындағы ақпараттық-ағарту штабының басшысы; Шакенов Жақсылық Малбактыұлы Астана қаласының "Nur Otan" партиясының Партиялық бақылау инспекторы.
Сыбайлас жемқорлық - әдетте лауазымды адамның өзінің билік өкілеттігін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын, сондай-ақ осы ресми мәртебеге байланысты беделін, мүмкіндіктерін, жеке басының пайдасы мақсатында байланыстарын пайдалануын білдіретін, заңнамаға және моральдық ұстанымдарға қайшы келетін термин. Сыбайлас жемқорлық лауазымды тұлғаларды сатып алу, оларды сату, сатып алу деп те атайды.







