Неонатальды хирургия бөлімшесінің күнделікті таңғы аралау



Неонатальды хирургия бөлімінің меңгерушісі Желдыбаев Нұржан Сергеевич, бөлімшенің дәрігерлері және медбикелерімен бірлесе отырып, күн сайын бөлімшеде бірлескен түрде аралау өткізеді. Күнделікті аралауда науқасты қарап және оны емдеу тактикасын таңдау талқыланады.
Жаңа туған нәрестелер хирургиясы бөлімшесі Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдарынан туа біткен ақауларымен (ТБА), сондай-ақ ауыр хирургиялық патологиясы бар жаңа туған нәрестелерге неонаталдық кезеңде тәулік бойы жоғары білікті мамандандырылған жедел хирургиялық, неонатологиялық, реанимациялық пен мейірбикелік көмек көрсетіледі.
Туа біткен патологиясы бар нәрестені тексеруден кейін хирургиялық емдеудің өзектілігі туралы мәселе шешіледі. Операция алдындағы дайындықтан кейін туа біткен ақауды немесе хирургиялық патологияға хирургиялық емдеу жүргізіледі. Операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңде бала қарқынды терапия палатасында жатады, оны неонатолог-реаниматолог және хирург дәрігерлер бақылайды. Баланың жағдайы тұрақты болғанан кейін, бала анасымен бірге жататын палатаға ауыстырылады, онда аналар балаға дұрыс күтім жасауды үйренеді. Өйткені операциядан кейінгі барлық жаңа туған нәрестелер ерекше күтімді қажет етеді. 
Бала сауыға келе және анасы балаға күтім жасауды үйренгенен кейін, науқасты үйіне шығару жайлы мәселе шешіледі.