Ағымдағы жылдың жиырмасыншы қазанында "Көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында инфекциялық төсектерді ашу туралы" Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті РММ-мен бір

Осыған байланысты директордың мейіргер ісі жөніндегі орынбасары Айна Мұратқызы Мұсабаева акушерлік блок қызметкерлерін бас санитариялық дәрігердің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен таныстырды.



Ағымдағы жылдың жиырмасыншы қазанында "Көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында инфекциялық төсектерді ашу туралы" Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті РММ-мен бірлескен бұйрығы шықты.
Осыған байланысты директордың мейіргер ісі жөніндегі орынбасары Айна Мұратқызы Мұсабаева акушерлік блок қызметкерлерін бас санитариялық дәрігердің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен таныстырды.
Қызметкерлер үшін инфекциялық стационарларда стационарды "таза" және "лас" аймаққа бөлуді қатаң қамтамасыз ету қажет екенін білу маңызды. Қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты барынша азайту мақсатында медицина қызметкерлері кесте бойынша "таза" аймақта болады; бұл ретте "таза" аймақтың үй-жайлары бекітіліп, бөлімшелер арасына бөлінеді. Яғни, қызметкерлер таза аймақтағы жұмыс уақытының кестесін біріктірмеуі керек. Әр ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы керек. Қажет болған жағдайда, сирек кездесетін арнайы мамандардың кеңес беруі мен пациенттерді жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады. Медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері арасында жүріп-тұруын шектеу қажет.