- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
Бүгін "№ 2 көпбейінді қалалық аурухана" қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы, сондай-ақ пандемиямен күрестегі жемісті жұмысы үшін "Халық алғысы" медалімен марапатталды.
Марапатталғандар: Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы, Мағзұмова Гүлвира Ерсайынқызы, Мұсабаева Айна Мұратқызы, Әбішев Мейіржан Тілеубайұлы, Нұралина Эльмира Ануарбекқызы, Жақсалықова Мадина Табылдықызы, Ажибаева Индира Қайырбайқызы, Жансейітова Дария Жаңабайқызы, Сүлейменова Маржангүл Айтжанқызы, Төлеуленова Марал Хамзақызы.
Әріптестерімізді жоғары кәсіби қасиеттің тікелей дәлелі болып табылатын лайықты марапатқа ие болуымен құттықтаймыз. Дәрігер болу - адамдардың өмірі мен денсаулығы, жақындарының бақыты және жалпы сау қоғам үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан медицинада өмір бойы өз білімі мен шеберлігін арттыра білетін ең күшті және өз ісіне адал жандар ғана қалады. Өмірлеріңізде ризашылық білдіретін пациенттер мен қуанышты сәттер көп болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, сәттілік және амандық тілейміз!