- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
9 шілдеде бізге, Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасына 1985 жылғы жас әйел босанғаннан кейінгі кезеңде 6-тәулікте, ауыр диагнозбен: босанғаннан кейінгі, операциядан кейінгі кезең 6-тәулікте түсті. Кесар операциядан кейінгі жағдай. Ишемиялық инсульт. Сол жақ гемисферадағы мидың кең инфарктісі. коронавирустық инфекцияның ауыр түрі Covid-19 нақты расталған жағдай. Екі жақты полисегментальды пневмония. Науқас жағдайының ауырлығына және сана деңгейінің бұзылуына байланысты ештеңеге шағымдана алмады. Реаниматологтар, нейрохирургтар және невропатологтар тобында ойлануға уақыт болмады, олар жас әйелдің, ең бастысы, жаңа туған нәресте АНАСЫНЫҢ өмірін құтқаруға асықты. Әйелдің өмірі қыл үстінде тұрды…
Бірақ экстремалды режимде жұмыс істеуге дағдыланған жоғары білікті мамандар тобы қауіпті коронавирустық инфекцияны жұқтырудан қорықпай, оған жоғары мамандандырылған көмек көрсетті! Көп жылдық тәжірибесі бар Нейрохирург, травматология бөлімшесінің аға ординаторы Ибраев Ермек Өміртайұлы реанимация меңгерушісінің міндетін атқарушы Ерғалиев Бауыржан Сәкенұлы бастаған реаниматологтардың командасымен пациентке операция жасады. Операция сәтті өтті, бірақ пациент біраз уақыт АРҚТБ жағдайында невропатологтар мен реаниматологтардың мұқият бақылауын қажет етті. Бәріміздің қуанышымызға орай, күн сайын әйелдің жағдайы жақсарды. Бұл, әрине, біздің аурухана мамандарының командалық жұмысының арқасында, олар өздерінің асқан кәсібилігі мен қажырлы еңбегін көрсетті: инсульт орталығының басшысы - Иманова Әлия Асылбекқызы, операциялық нейрохирург - Ибраев Ермек Өміртайұлы, инсульт орталығының емдеуші нейрохирург дәрігері - Нурекенов Аслан Мақсатұлы, бөлімше меңгерушісінің міндетін атқарушы Ерғалиев Бауыржан Сәкенұлы бастаған АРҚТБ барлық медициналық персоналы.
Екі ай бойы дәрігерлер мен мейіргерлер емдеді, күтім жасады, тамақтандырды, бақылап отырды ... Емдік күтім нәтижесін көп күттірмеді! Кешенді емдеу мен бақылаудан кейін науқас қанағаттанарлық жағдайда біздің ауруханадан шығарылды.
Дәрігерлердің жұмысын кейде байқамаймыз, жаһандық апаттар мен эпидемиялар жағдайында олардың иығына күрделі жұмыс пен ауыр жүктеме түседі, бірақ сонымен бірге олар біз сияқты, қарапайым адамдар, әдеттегі өмірімізді жалғастыра алуымыз үшін күн сайын кішкентай болсын және үлкен ерлік жасайтынын бірде білсекте, бірде білмей жатамыз.
Сол мықты дәрігерлерге таң қаламыз! Сіздерге тағзым етеміз! Сіздер бүгінгі күннің батырларысыздар!