Ұрықты қорғау орталығы

Ұрықты қорғау орталығы құрамына кіретін "№2 көпбейінді қалалық аурухана" ШЖҚ МКК құрылымдық бөлімшесі болып табылады:


Ұрықты қорғау орталығы пренатальды диагностика саласында мамандандырылған, онда ана мен баланың денсаулығына кешенді көзқарасты қамтамасыз етеді. Пренатальды диагностика (пренатальды скрининг) – Ұрықтың даму ақауларын, хромосомалық және генетикалық ауытқуларын анықтау үшін барлық жүкті әйелдерге белгілі бір мерзімде жүргізілетін ұрықтың жатырішілік зерттеп-қарауы. Ұрықты қорғау орталығының мамандары мұндай тексерулерді жүргізуде үлкен тәжірибеге ие.

Медициналық-генетикалық консультация бөлімшесінің дәрігерлері генетика және медицина саласында кең ауқымды білімге ие, бұл оларға әртүрлі тұқым қуалайтын аурулардың қаупін кәсіби бағалауға мүмкіндік береді. Орталық жүктіліктің ерте кезеңдерінде Ұрықтың даму бұзылыстарын диагностикалауға мүмкіндік беретін сараптамалық және премиум класты заманауи ультрадыбыстық аппараттармен жабдықталған. Ультрадыбыстық зерттеулерді  халықаралық сертификаты бар дәрігерлер жүргізеді.

Қауіп  тобы жоғары пациенттер біздің орталықта терең тексеріп-қараудан өту мүмкіндігіне ие: генетика бойынша консультация, ұрықтың сараптамалық ультрадыбыстық зерттеуі және инвазивті пренатальды диагностика.

Инвазивті пренатальды диагностика бұл ұрықтың денсаулығы, оның генетикалық құрылымы және мүмкін болатын ауытқулары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға болатын жоғары технологиялық әдісі.

Біздің орталықта инвазивті пренатальды диагностика жүргізетін дәрігерлер акушерлік-гинекология және генетика саласындағы жоғары білікті мамандар болып табылады. Олар хорионбиопсия, плацентоцентез, амниоцентез және кордоцентез сияқты күрделі процедураларды жүргізу және зерттеу үшін қажетті бай тәжірибе мен терең білімге ие.

 

 

Ұрықты қорғау орталығының басшысы

Мұзар Маралхан Уәлиханқызы

Денсаулық сақтау магистрі, бірінші санатты акушер-гинеколог дәрігер, бірінші санатты ультрадыбыстық диагностика дәрігері, емдеу ісі мамандығы бойынша "Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің" түлегі. 2014 жылы "Сәулелік диагностика" мамандығы бойынша алғашқы  мамандандырудан өтті. 2015 жылы "Инвазивті пренатальды диагностика" бойынша біліктілікті арттыру, 2015 жылы "Акушерлік және гинекологиядағы ультрадыбыстық зерттеу" (Израиль),  2020 жылы  "Акушерлік және гинекологияның өзекті мәселелері" (Қарағанды),      2021 жылы "Жүрек ақауларын пренатальды диагностикалаудағы 7 қадам" (Ресей), 2022 жылы "Пренатальды диагностиканың таңдалған сұрақтары" (Челябинск), 2023 жылы  "Ұрықтың нейросонографиясы" (Израиль).

Жұмыс өтілі: 13 лет