Пренатальды ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі

Бөлімшенің мақсаты: ұрықтың денсаулығы мен дамуына сапалы баға беру.

Қандай зерттеп-қараулар өткізіледі?


  • Сараптамалық және премиум класты аппараттағы пренатальды ультрадыбыстық скринингтер:
    • бірінші триместр скринингі 11+0 – 13+6 жүктілік аптасы;
    • екінші триместр скринингі 19+0 – 21+0 жүктілік аптасы;
    • үшінші триместр скринингі 30+0 – 32+6 жүктілік аптасы.
  • Гинекологиялық ультрадыбыстық зерттеу жүргізу;
  • 3D және 4D режимінде ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі;
  • Ұрықтың эхокардиографиясы және нейросногорафиясы;
  • Экстрагентиалдық патологиясы бар жүкті әйелдерді ультрадыбыстық бақылау (қант диабеті, резус-жанжалды жүктілік, артериялық гипертензия, II, III дәрежелі бронх демікпесі, II, III дәрежелі варикозды ауру және т. б.);
  • Акушерлік патологиясы бар жүкті әйелдерді ультрадыбыстық бақылау (анамнезінде бала тоқтамауы, ұрықтың өсуінің тежелуі, бала жолдасының қате жатуы,  көп  немесе су тапшылығы және т. б.);
  • Бірнеше жүктілігі бар, оның ішінде фето-фетальды  трансфузиялық синдромы асқынған әйелдерді ультрадыбыстық бақылау;
  • Ұрықтың туа біткен ақаулары мен хромосомалық ауытқуларына күдік туындаған немесе анықталған жағдайда сараптамалық ультрадыбыстық зерттеу жүргізу;
 

Бөлімше меңгерушісі

Касенова Марина Валерьевна

жоғары санатты кардиолог дәрігер, жоғары санатты УДЗ және функционалдық диагностика дәрігері. Астана қаласының мемлекеттік медицина академиясының түлегі.  Астана қаласында кардиология және функционалдық диагностика бойынша алғашқы мамандандырудан өтті. Швейцарияда, Литвада, Ресейде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2023 жылы "АРҚТБ жағдайындағы ЭХОКГ. Кардиохирургиядағы жедел ЭХОКГ", "Туа біткен жүрек ақаулары бар балалардың ЭХОКГ" тақырыптары бойынша білімін жетілдірді.

 

Бөлімше дәрігерлері

  • Жұлқарова Мәншүк Рахметуллақызы  –  денсаулық сақтау магистрі, сарапшы дәрігер, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, бірінші санатты УДЗ дәрігері
    Жұмыс өтілі: 25 жыл
  • Жұмадилова Жұлдыз Адамбекқызы  –  жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, бірінші санатты УДЗ дәрігері
    Жұмыс өтілі: 14 жыл
  • Ахатова Диана Мұратқызы  –  бірінші санатты УДЗ дәрігері
    Жұмыс өтілі: 11 жыл
  • Саяндинова Меруерт Әбілқызы  –  бірінші санатты акушер-гинеколог дәрігер
    Жұмыс өтілі: 14 жыл
  • Құтбаева Жанна Серікқызы  –  бірінші санатты акушер-гинеколог дәрігер, екінші санатты УДЗ дәрігері
    Жұмыс өтілі: 16 жыл
  • Папышева Гаухар Шалқарқызы  –  екінші санатты акушер-гинеколог дәрігер, екінші санатты УДЗ дәрігері
    Жұмыс өтілі: 15 жыл
  • Раисова Самал Сәбитқызы  –  УДЗ дәрігері
    Жұмыс өтілі: 7 жыл
  • Құмар Әйгерім Дамысханқызы  –  УДЗ дәрігері
    Жұмыс өтілі: 4 жыл