Акушерлік блогтың қабылдау бөлімшесі

Қысқа мерзімді болу палатасы бар акушерлік блоктың қабылдау бөлімшесі өз құзыреті шегінде жүкті әйелдерді, босанатын әйелдерді қабылдауды және диагностикалауды жүзеге асыратын №2 көпбейінді қалалық аурухананың Акушерлік блогының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Негізгі міндеттері:

  • Медициналық ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері деңгейінде жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге уақтылы тексеріп-қарауды және бөлімшенің біліктілік медициналық көмек көрсетуін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асыру

Негізгі функциялары:

  • Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге аса шұғыл және шұғыл көмек көрсету.
  • Қауіпсіз ана болу принциптерін сақтау.
  • Жүкті әйелдердің, босанатын әйелдердің аурушаңдығы мен өлім-жітімінің төмендеуі және ауруханаға жатқызылған әйелдерді тексеру және емдеу кезіндегі асқынулар.
  • Бөлімшенің жұмыс тәжірибесіне диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу, сондай-ақ дәрігерлер мен орта медициналық персоналды оларды қолдану әдістемесімен уақтылы таныстыру және оқыту.
  • Қолда бар диагностикалық және емдеу аппаратурасын, құрал-саймандарды және басқа да медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалануды, сондай-ақ оларды техникалық сауатты пайдалануды қамтамасыз ету.
  • Бөлімшеде тиісті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету.

 Қабылдау бөлімшесі жоспарлы және шұғыл қабылдау бөлімшелерінен тұрады.

Акушерлік блоктың қабылдау бөлімшесі өз құзыреті шегінде жүкті әйелдерді, босанатын әйелдерді қабылдауды және диагностикалауды ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.  Жыл сайын акушерлік блоктың қабылдау бөлімшесі Астана қаласының "Есіл", "Сарыарқа", "Алматы" аудандарына бекітілген 30 000-ға жуық жүкті әйелге тексеріп-қарау және консультация береді, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлерінен жүкті әйелдерді қабылдайды. 

 Бөлімшеде акушерлік көмек көрсету тәулік бойы үздіксіз режимде жүзеге асырылады, бөлімшеде уақтылы, қолжетімді және тиімді көмекті жүзеге асыру үшін кезекші дәрігер мен акушер шұғыл медициналық көмек көрсетудің бірінші кезектілігін негізге ала отырып, келіп түсетін пациенттерді (триаж жүйесі бойынша медициналық сұрыптау) топтарға бөлуді жүргізеді.

 Медициналық сұрыптауға сәйкес пациенттер шартты түрде 3 топқа бөлінеді:

  • бірінші топ (жасыл аймақ) - кішігірім медициналық көмекке мұқтаж, одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйге жіберілетін пациенттер, сондай-ақ жоспарлы ауруханаға жатқызылатын пациенттер;
  • екінші топ (сары аймақ) – шұғыл және аса шұғыл медициналық көмекті қажет етпейтін, қабылдау бөлімшесіндегі төсекте жатқан (не қабылдау бөлімшесінде бірнеше сағатқа бақылауда болған), сондай-ақ диагнозды нақтылау және саралау қажет пациенттер;
  • үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл және аса шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер

Бөлімшеде босану, жүктілік және босану асқынуларының диагностикасы жүргізіледі. Сондай-ақ, қабылдау бөлімшесі жүкті әйелдерді жоспарлы босануға немесе жоғары қауіпті жүктіліктің асқынуымен жолдама бойынша ауруханаға жатқызуды жүзеге асырады. Жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер үшін бөлімшеге жеке кіру ұйымдастырылған.

Жүкті әйелдерді жоспарлы емдеуге жатқызу жұмыс күндері сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін "Емдеуге жатқызу бюросы" электрондық порталына сәйкес жолдама бойынша жүзеге асырылады. Жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайында жүкті әйелдің өзімен бірге күні көрсетілген емдеуге жатқызу талоны, диагнозға сәйкес зертханалық және аспаптық тексеріп-қарау әдістерінің деректері бар амбулаториялық картадан үзінді болуы, болжамды емдеуге жатқызу күнінен кемінде 10 тәулік бұрын мерзімде болуы қажет.

Жүкті әйел мен ұрықтың жай-күйін бастапқы бағалауды жүзеге асырғаннан кейін, кезекші персонал тексеріп-қараудың зертханалық, аспаптық әдістерін жүргізгеннен кейін; жүкті әйел, босанатын әйел медициналық құжаттаманы ресімдегеннен кейін және тиісті көмек көрсетуге жазбаша келісім алғаннан кейін диагнозға байланысты босану блогы, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесіне, реанимация бөлімшесіне, операциялық бөлімшеге бөлінеді. Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер болмаған жағдайда пациенттер тексеріп-қарау деректері мен ұсынымдарды жазбаша түрде алады және амбулаториялық бақылауға беріледі. Қабылдау бөлімшесі өз жұмысында клиниканың зертханасымен, сәулелік диагностика бөлімімен, үздіксіз білікті, уақтылы көмек көрсетуге арналған клиникалық блокпен тығыз байланысты.

Стационарға түскен кезде жүкті, босанған әйелдің өзімен бірге болуы тиіс заттар тізімі:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • жүкті әйелдерге арналған айырбастау картасы;
  • диагнозын көрсете отырып, медициналық мекеменің ауруханаға жатқызуға жіберу талоны;
  • ауыстырылатын киім, аяқ киім, (халат, жейделер, жеке гигиена құралдары, тәпішке, босануға түскен кезде керек жаялықтар, жаңа туған нәрестеге арналған киім).

Перзентханаға босануға барғанда зергерлік бұйымдарды қалдырыңыздар. Тырнақтардың ұзындығына назар аударыңыз (сәбиді тырнап алмау үшін!). Лакты саусақтарыңыздан алыңыз, сәндік косметиканы қолданбаңыз. Сіздің ерніңіз бен тырнақ фалангтарыңыз боялмауы маңызды: олардың табиғи түсі бойынша дәрігер босанған әйелдің жағдайын бағалай алады. Акушерлік блокта ДДҰ ұсынысы бойынша үйдегі төсек-орын мен іш киімді пайдалану құпталады. Клиника ДДҰ-ның "Қауіпсіз ана болу", "Антенатальды күтім", "Емшек сүтімен емізу" принциптері мен ұсыныстары бойынша жұмыс істейді.

Серіктестік босануға қатысу үшін серіктесте болуы керек заттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • ыңғайлы таза киім, ауыстырылатын аяқ киім (бөлімшеде серіктестерге арналған киімілгіш бар).
  • алынған профилактикалық егулер туралы көрсетілген вакцинация паспорты (электрондық құжатты ұсыну қажет).
  • жыл сайынғы жоспарлы флюорографиядан өткенін растайтын құжат (құжаттың көшірмесі).

Қабылдау бөлімінің меңгерушісі

Данияр Ақбергенұлы Ахметов

№2 Қалалық көпбейінді аурухананың Акушерлік блогының қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

Медицина магистрі, денсаулық сақтауды басқару магистрі, жоғары біліктілік санатындағы акушер-гинеколог дәрігер.

Біздің перзентхана қабырғасында дәрігер-тәжірибеден өтушіден құрылымдық бөлімше басшысына дейін, шәкірттен тәлімгерге дейінгі кәсіби жолдан өтті.

2008 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, 2023 жылы «Астана медицина университеті» КеАҚ-ын тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, 2026 жылы АҚШ-тағы Rutgers University университетінде білім алған.

Кәсіби еңбек жолында өз білімін және тәжірибелік дағдыларын үздіксіз жетілдіріп келеді. 2018 жылы Израильдің Тель-Авив қаласындағы Sheba Medical Center клиникасында, 2013 жылы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы Seoul St. Mary’s Hospital, The Catholic University of Korea клиникасында біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

Еңбек өтілі: 18 жыл

 

 

БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ

  • Шаукерова Лаура Казахбайқызы – бірінші санатты  акушер-гинеколог дәрігері.
    Еңбек өтілі: 6 жыл
  • Көбеева Нүрила Серікқызы – бірінші санатты  акушер-гинеколог дәрігері.
    Еңбек өтілі: 9 жыл
  • Жаркимбаева Айжан Алдашевна – екінші санатты акушер-гинеколог  дәрігері.
    Еңбек өтілі: 9 жыл
  • Жеңісбек Аида Жеңісбекқызы – акушер-гинеколог дәрігері.
    Еңбек өтілі: 6 жыл

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 8-үй

Қабылдау бөлімшесі, В блогы, 1-қабат.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 27 55