
Бөлімше стационардың 4-қабатында орналасқан және аналар мен жаңа туған нәрестелерге заманауи перинаталдық технологиялар бойынша жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Бөлімше құрылымы
Бөлімше заманауи медициналық стандарттарға сай жабдықталған:
- Палаталар: В блогында жеке санитарлық торабы бар 1, 3 және 6 орындық палаталар қарастырылған.
- Медициналық кабинеттер: Қарау бөлмесі, емшара кабинеті, 2 мейірбике бекеті.
- Арнайы блоктар: Егу кабинеті, аудиометрия кабинеті және балалар бөлмесі.
- Шаруашылық аймағы: Таза және кір жаймаларды сақтау кабинеттері, медициналық қалдықтарды сақтау бөлмесі, санитарлық блоктар, АҚ және ТЖ (ГО ЧС) бөлмесі.
Негізгі міндеттері:
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-92 стандартына сәйкес босанған әйелдерге білікті медициналық көмек көрсету.
- Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.
- Акушерлік қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық талдау жасау.
![]() |
Бөлімше меңгерушісіКудерина Гаухар Сериковна Жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер Тәжірибесі: 20 жыл |
БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ
- Имансерикова Алия Кабылбековна – акушер-гинеколог дәрігер, жоғары біліктілік санатты маман
Еңбек өтілі: 24 жыл - Турлыбаева Венера Жоламановна – акушер-гинеколог дәрігер, жоғары біліктілік санатты маман
Еңбек өтілі: 17 жыл


