УДЗ және функционалдық диагностика бөлімшесі

УДЗ және функционалдық диагностика бөлімшесі "№2 көпбейінді қалалық аурухана" ШЖҚ МКК құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Ультрадыбыстық зерттеу, Функционалдық диагностика кабинеттері бар.   Бөлімше клиниканың акушерлік блогында және клиникалық блогында орналасқан.

Бөлімше "General Electric" ( "VOLUSION-730", "Vivid 7", "Logiq 7", "Voluson E10", "Ws80a Samsung" және т.б.) фирмасының жоғары және сараптамалық класты ультрадыбыстық жабдықтармен жабдықталған.

Бөлімше күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, қабылдау екі ауысымда сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.

Дәрігерлердің кәсібилігімен үйлескен заманауи диагностикалық жабдықтардың жоғары деңгейі қысқа мерзімде пациентті тексеруде максималды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ДҰРЫС ДИАГНОЗ ҚОЮ - ТИІМДІ ЕМДЕУ

Клиникалық блокта УДЗ және функционалдық диагностика бөлімшесі орналасқан.

УДЗ бөлімшесі

УДЗ-диагностиканың заманауи және жоғары ақпараттық әдісі, ол тіпті ең кішкентай өзгерістерді көруге мүмкіндік береді. Ол қабыну процестерін, ағзалардың пішіні мен өлшемінің өзгеруін, олардың жақын тіндер өсуінен ығысуын байқауға мүмкіндік береді.

Әдіс қауіпсіз, ол өте жоғары диагностикалық тиімділігімен (патологоанатомиялық деректермен салыстырғанда бірқатар аурулардың диагностикасының дәлдігі 80% - дан асады), қарапайымдылығымен, сәулелік жүктеменің жоқтығымен (жүкті әйелдер мен балаларды зерттеуге мүмкіндік береді), инвазив жасамауымен, көп мәрте зерттеу мүмкіндігімен, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Тағы бір артықшылығы-көптеген органдар мен жүйелерді бірмезгілдік зерттеу болып табылады, бұл әсіресе күрделі клиникалық көріністе маңызды. Сондықтан УДЗ көптеген органдар мен жүйелерді зерттеу үшін скриннингтік әдіс ретінде қолданылуы мүмкін.

УДЗ түрлі органдар мен жүйелердің ауруларын диагностикалау үшін қолданылады: жүрек-тамыр, асқорыту, несеп-жыныс, беттік орналасқан органдар мен тіндердің (сүт бездері, әртүрлі орналасқан лимфа түйіндері).

УДЗ Акушерлік және гинекологияда табысты қолданылып келеді.

Бұл бөлімшеде ультрадыбыстық зерттеулердің барлық түрі жасалады:

      • Іш перде ағзаларының УДЗ (бауыр, ұйқы безі, өт қабы, көкбауыр, бүйрек);
      • Ішіне кіретін датчикті пайдаланып кіші жамбас мүшелерін УДЗ;
      • Сүт бездерін УДЗ;
      • Қалқанша безінің УДЗ;
      • Перифериялық лимфа түйіндерінің, жұмсақ тіндердің УДЗ;
      • Допплерлік режимдерді қолдана отырып, орталық және перифериялық тамырлардың УДЗ (қолқаның және оның тамырларының іш бөлімі, бүйрек тамырлары және т. б.);
      • хирургия бөлімшелерімен бірге УД бақылауымен хирургиялық манипуляциялар (орталық көктамыр катетерлерін орнату, нефростомия, абсцесстерді дренаждау, гематом, бүйрек пен бауыр кистерін пункциялау және склероздау),
      • мойын мен мидың магистральды тамырларын дуплексті сканерлеу;
      • аяқ-қол тамырларын дуплексті сканерлеу
      • Жүректі ультрадыбыстық зерттеу (ЭхоКГ), оның ішінде өңеш ЭхоКГ



 

Акушерлік блокта жүкті әйелдерге барлық зерттеулер жүргізіледі:

      • Бөлімше дәрігерлері үш өлшемді сурет технологиясын пайдалана отырып,1,2,3, триместрдің  орталықтандырылған ультрадыбыстық скрининг, кеңейтілген эхокардиографияны қамтитын ұрықтың анатомиясын бағалаумен, хромосомдық аномалиялардың эхографиялық маркерлерін зерделеумен, даму кемістігі барын анықтау және ұрықтың туа біткен даму кемістігі бар жүкті әйелдерді консультативтік-комиссиондық тексерулермен айналысады.
      • Сондай-ақ, әйелдерде кіші жамбас ағзаларының УДЗ

 

Функционалдық диагностика бөлімшесі:

      • Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру (миокард инфарктілерін, ишемияны, ырғақтың бұзылуларын диагностикалау) -ЭКГ-ХМ-ЭКГ (ЭКГ тәуліктік мониторингі) жүктеме сынамалары (ВЭМ )
      • Тыныс алу жүйесінің қызметін зерттеу-спирография
      • Бас миын тексеру ЭЭГ. Транскраниальды джоплерография.
      • Қаңқа бұлшық еттері мен перифериялық нервтердің функционалдық жағдайын анықтау: Электронейромиография

Кез келген пациент қабылдауға келе алады. Тіркеу және мекенжайға тұрақты тіркелуі маңызды емес. Анонимдік пен құпиялыққа кепілдік беріледі. Егер сіздің қолыңызда медициналық карта және алдыңғы талдаулар мен тексерулердің нәтижелері бар болса, онда оларды өзіңізбен бірге алып жүрген дұрыс.

Біз алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейміз – бұл Сізге тексеру үшін ыңғайлы уақытты таңдауға, тәжірибелі дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жоғары білікті көмегін алуға және бөлімшенің барлық қызметкерлерімен қарым-қатынастан жағымды эмоциялар зарядын алуға көмектеседі.

 

БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ

Касенова Марина Валерьевна

жоғары санатты кардиолог, жоғары санатты ультрадыбыстық және функционалдық диагностика дәрігері. Астана қаласының мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Астана қаласында кардиология және функционалдық диагностика бойынша бастапқы қайта даярлаудан өтті. Литвада Каунас қаласында, Швейцарияда Цюрих қаласында, Ресейде Санкт-Петербургте біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Еңбек өтілі: 25 жылдан астам

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 54

 

 

БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазу
  • Касенова М.В.  –  бөлімше меңгерушісібірінші, жоғары санатты УДЗ дәрігері.
  • Құнанбаева Эльмира Болатбекқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Қожахметова Жанар Жанібекқызы –  жоғары санатты УДЗ дәрігері.
  • Жәнібекова Дариха Әбдірқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Губайдуллина Назгүл Есенгелдіқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Ибраева Г.А. – бірінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Биржанова А.Д.  –  УДЗ дәрігері.
  • Камбарова Б.Е.  –   УДЗ дәрігері.
  • Асқарова Нұргүл Мағауияқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Утупова Зульфия Амирхановна –  екінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Байтелиева М. Р. –  жоғары санатты функционалдық диагностика дәрігері.
  • Бажбенова Гаухар Ерсайынқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Мұқтарова Ғалия Баходировна –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Аширматова Маржан Тохтамұратқызы –  бірінші санатты функционалдық диагностика дәрігері.
  • Тепешева Лаура Ахметқазықызы –  бірінші санатты функционалдық диагностика дәрігері.
  • Боржанова Гүлмира Сгаденқызы –   жоғары санатты функционалдық диагностика дәрігері.
  • Утупова З.А. – екінші санатты функционалдық диагностика дәрігері.
  • Ахатова Д.М.  –  екінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Жулкарова  Мәншүк Рахметуллақызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Саяндинова И.А.  –  екінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Құтбаева Жанна Серікқызы –  екінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Жұмаділова Жұлдыз Адамбекқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Мұзар Маралхан Уалиханқызы –  бірінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Папышева Гаухар Шалқарқызы –  екінші санатты УДЗ дәрігері.
  • Райсова С.С. –  УДЗ дәрігері.
  • Кумар А.Д.  –  УДЗ дәрігері.

 

 

 

 

 

 

 


 

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй

УДЗ және ФД бөлімшесі, 2 - қабат.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 15