Травматология бөлімшесі

"Шұғыл травматология" бөлімшесі 25 төсектік орынға есептелген. Бөлімшенің міндеттері - Астана қаласы мен ҚР тұрғындарына жедел және жоспарлы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсету. Травматология бөлімшесінің ішінде мейіргерді шақыру жүйесімен, жасанды жарықтандыру, оттегімен, вакууммен, жеке санитариялық тораппен жабдықталған,  2, 1 орынды палаталары бар. Мейіргер бекеті дабыл және хабарлау жүйесімен жабдықталған. Жоспарлы және шұғыл операциялық араласулар қазіргі заманғы жабдықтардың барлық түрлерімен жабдықталған операциялық залда жасалады. Бөлімше қызметкерлері жақын және алыс шетел клиникаларында кәсіби дайындықтан өткен барлық біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

 

Бөлімшеде ұзын түтік тәрізді сүйектердің, жамбас сүйектерінің бұғаттайтын интра  және экстрамедуллярлы остеосинтездің барлық түрлері орындалады. Биполярное, жаппай жамбас, жаппай тізе буындарын эндопротездеу. Бас сүйек пен ми жарақаттары кезіндегі операциялық араласулар жасалады. Омыртқаға операциялық араласулар (омыртқа транспедикулярлы фиксациясы, вертебропластика). Табанның деформациясын түзету (табанның үлкен саусағының ауытқуы). Аяқ-қолдың сынуы мен деформациясы кезінде сыртқы бекіту құрылғыларын қолдану. Ірі буындарды эндопротездеуден кейін оңалту.

 

Вертебропластика

Траспедикулярлы бекіту

Тізе буынын эндопротездеу

Жамбас буынын эндопротездеу

 

Бөлімше меңгерушісі

Әубәкіров Ермек Серікпайұлы

жоғары біліктілік санатты травматолог - ортопед дәрігері, "Ақмол ММА" түлегі.

Денсаулық сақтау менеджменті, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетінің түлегі

Еңбек өтілі: 21 жыл

Эл.мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефоны: 8 (7172)43 26 84

 

 

БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ

  • Кузнецов Андрей Павлович   –  бірінші біліктілік санатты травматолог дәрігер, Бішкек қаласы. "ҚММА" түлегі.
    Еңбек өтілі: 17 жыл
  • Сүлейменов Арыстанбек Ахметолла  –  жоғары санатты нейрохирург дәрігер, Қарағанды қаласы ҚММА түлегі
    Еңбек өтілі: 20 жыл
  • Аяғанов Сабыржан Мұратұлы  –  жоғары біліктілік санатты травматолог-ортопед дәрігері. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясының (ҚММА) түлегі.
    Еңбек өтілі: 20 жыл
  • Момбеков Абзал Бекенұлы   – екінші біліктілік санатты травматолог-ортопед дәрігері, Алматы қаласы Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлегі.
    Менеджмент магистрі, "Қаржы академиясы" АҚ.
    Еңбек өтілі: 8 жыл
  • Мамасалиев Бақберген Мырзабекұлы – екінші санатты травматолог-ортопед дәрігер, Астана қаласы "АМУ" АҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 10 жыл
  • Құсайынов Марат Серікұлы  екінші біліктілік санатты травматолог-ортопед дәрігері, Астана қаласы  "АМУ" АҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 6 жыл
  • Дарменов Рүстембек Аристанбекұлы біліктілік санаты жоқ травматолог-ортопед дәрігер, Астана қаласы "АМУ" АҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 5 жыл
  • Дүйсембаев Әлімжан Мұстайұлы біліктілік санаты жоқ травматолог-ортопед дәрігер, Астана қаласы "АМУ" АҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 5 жыл

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй

Травматология бөлімшесі, 4-қабат.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 84