Терапия бөлімшесі 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, 23 төсек орны орналастырылған және асқазан-ішек жолдары, зәр шығару жүйесі және ревматологиялық аурулары бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Негізгі міндеті - терапиялық аурулары бар науқастарға жоғары сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету және жетілдіру.
Негізгі функциялары - нормативтік және ұйымдастырушылық, құқықтық және әкімшілік құжаттардың талаптарына сәйкес, медициналық қызметтерді көрсету кезінде СМЖ құжаттарын басшылыққа ала отырып, нұсқаулықтар талаптарына сәйкес бөлімше жұмысын ұйымдастыру.
Науқастарды жоспарлы емдеуге жатқызу жүйесі бюросының порталы арқылы, пациенттерді шұғыл түрде емдеуге жатқызуды ұйымдастыру.
Бөлімшенің салалы мамандануы:
- Фиброз және бауыр циррозы;
- Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы
- Гастроэзофагеальды рефлюкстік аурулар
- Созылмалы панкреатит және басқа ұйқы безінің аурулары
- Созылмалы холецистит
- Ойық жаралы колит. Крон ауруы
- Реактивтік артрит
- Ревматоидты артрит
- Анкилоздық спондилит
- Жүйелі қызыл жегі эритематоз
- Жүйелі терінің қартаюы
- Құяң (тұз байлану ауруы)
- Дерматополимиозит
- Жүйелік васкулит
- Остеоартроз
- Жіті аллергоз
- Анафилактикалық шок
- Уытты-аллергиялық реакция
Бөлімше меңгерушісіЖаңабаева Мария Бегалықызы Терапевт дәрігер, гастроэнтеролог, «Астана Медицина Университеті» АҚ, Астана қаласы., емдеу ісі мамандығы бойынша түлегі. Жұмыс өтілі: 5 жыл Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 35 |
Бөлімше дәрігерлері
- Байниязова Шаризада Керимбекқызы – екінші санатты терапевт-гастроэнтеролог дәрігер. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлегі, 2009 жылы тамандаған. 2012 жылы Алматы қаласындағы ІШ және ҒЗИ базасында «гастроэнтерология» мамандығы бойынша резидентураны бітірді.
Еңбек өтілі: 9 жыл - Жананова Айнур Жұмағалиқызы – терапевт дәрігер. 2017 жылы «Астана медицина университеті» АҚ түлегі, 2019 жылы «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша интернатураны бітірді.
Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй
Терапия бөлімшесі, 3-қабат.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 57 72 19, 43 26 35, 43 26 36