Пульмонология бөлімшесі

Қазіргі медицинада өкпе ауруларына пульмонология деп аталатын тұтас бөлімше арналған. Пульмонология тыныс алу мүшелерінің:  өкпе, кеңірдек және бронх ауруларының диагностикасы мен емделуін зерттейді. Сондықтан көп жағдайда  пульмонологияға "кеуде" немесе "респираторлық медицинаны" алып келді.

Бөлімше келесі ауруларға көмек көрсетеді:


  • Пневмония
  • Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы: (ӨСОА)
  • Бронхиалдық  демікпе
  • Идиопатиялық фиброзды альвеолит және өкпенің басқа интерстициалды аурулары, саркоидоз және басқа да өкпе диссеминациялары
  • Өкпе артериясының тромбоэмболиясы-өкпе инфаркт
  • Өкпе гипертензиясы
  • Өкпе фиброзы
  • Ұйқының обструктивті апноэы (тек скринингтік әдіспен диагностика)
  • Өкпе обыры диагностикасы
  • Өкпенің кистозды гипоплазиясы
  • Өкпе абсцессі (жедел абсцесс)

Мамандандырылған пульмонологиялық көмек ҚР ДСМ хаттамаларына және осы ауруларды жүргізудің халықаралық стандарттарына сәйкес бронх демікпесі, СОӨА, пневмония, бронхит, өкпенің интерстициалды аурулары, саркоидозбен ауыратын науқастарға көрсетіледі.

 

Бөлімшеде пациенттерді тексеру::


  • Зертханалық әдістер: жалпы клиникалық, бактериологиялық, иммунологиялық зерттеулер, қанның газ құрамын зерттеу
  • фибробонхоскопия: трахеобронхиалды ағаштың жай-күйін бағалау, бактериологиялық, цитологиялық, гистологиялық зерттеу үшін материал алу
  • рентгенологиялық зерттеу, компьютерлік томография
  • функционалдық  зерттеп-қарау: спирометрия, қан газдарының диффузиясы
  • үрлеудің жоғары жылдамдығын динамикалық бақылау.

Емдеу-диагностикалық процесте аурудың ауырлығын бағалау және болжау үшін заманауи тесттер, шкалалар мен сауалнамалар қолданылады.

"№2 көпбейінді қалалық аурухана" ШЖҚ МКК  пульмонологиялық бөлімшесі 2010 жылдың қыркүйек айында құрылды. Қазіргі уақытта тәулік бойғы стационар 24 төсектік орын және 2 төсекке орын стационар алмастырушы медициналық көмекке  қарастырылған. 6 бір орындық палаталары бар, қалған барлық палаталар екі орындық. Әрбір палатада біріккен санитариялық торап бар. Барлық төсектерде жеке оттегі бар. Ургенттік күндер - күн сайын, Астанаға қаласының Есіл ауданына қызмет көрсетеді.

Аурухана мамандандырылған пульмонологиялық көмек көрсету үшін заманауи зертханалық, рентгенологиялық, эндоскопиялық және басқа да қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Бөлімшеде "Демікпе - мектебі" және СОӨА науқастарына арналған мектептер шеңберінде білім беру бағдарламалары, сондай-ақ пациенттермен салауатты өмір салтын ұстану, тамақтану режимі, белгілі бір физикалық жүктеме, базистік терапияны дұрыс қолдану, респираторлық аурулардан өзін-өзі бақылау құралдарын қолдану, ингаляциялық құрылғылардың, оттекті концентраторлардың әртүрлі түрлерін пайдалану туралы әңгімелесу сияқты жұмыс түрлері кеңінен қолданылады.

 

Бөлімше меңгерушісі

Әбішев Мейіржан Тілеубайұлы

жоғары санатты пульмонолог дәрігері, Семей мемлекеттік медицина Академиясының түлегі. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

"Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Бронх-өкпе патологиясын диагностикалау мен емдеудің барлық әдістерін меңгерген.

Еңбек өтілі: 23 жыл

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 27 07

 

 

БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ

  • Айтказина Айгерім Тлеубекқызы  –  Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Бірінші санатты пульмонолог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 11 жыл
  • Асқарова Меруерт Хасановна  –  "Астана қаласы медицина университетінің" АҚ түлегі. Бірінші санатты пульмонолог дәрігер .
    Еңбек өтілі: 11 жыл
  • Нұрпейсова Лаззат Әскербекқызы  –  Астана қаласының мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Бірінші санатты пульмонолог дәрігері.
    Еңбек өтілі: 9 жыл
  • Байырбекова Гүлжан Бейсенбайқызы – "Астана қаласы медицина университетінің" АҚ түлегі. 2015 жылы "Пульмонология" мамандығы бойынша бастауыш мамандандыру курсын аяқтады. Екінші санатты пульмонолог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 7 жыл
  • Сопығалиева Жансая Сүндетқызы – "Астана қаласы медицина университетінің" АҚ түлегі. 2015 жылы "Пульмонология" мамандығы бойынша бастауыш мамандандыру курсын аяқтады. Екінші санатты пульмонолог дәрігер.
    Еңбек өтілі: 7 жыл

 

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй

Пульмонология бөлімшесі, 4-қабат.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 58