Операциялық блок және Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі

Дәрігерлер және орта медицина қызметкерлерінің  жоғары, бірінші, екінші санаттары бар,  сондай-ақ оларда барлық медициналық манипуляцияларға рұқсат беру құқығы бар мамандардың сертификаттары бар . Операциялық блоктың меңгерушісі операциялар жоспарының орындалуын, жүргізілетін операциялар көлемін бақылауды жүзеге асырады. Бөлімшенің аға мейіргері бөлімшеде эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын, дәрігерлік тағайындаулардың уақтылы орындалуын қадағалайды. Хирургиялық бейіндегі бөлімшелерде қазіргі заманғы, жоғары технологиялық, аз инвазивті операциялар эндовидеотехниканы қолдана отырып жүргізіледі, олар операциядан кейінгі кезеңді азайтуға, асқынулар санын азайтуға және жұмысқа қабілеттілікті тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Операциялық блок 8 операциялық блоктан тұрады: урологиялық - №1, жалпы хирургиялық - №2, Торакалдық - №3, жүрек-қан тамырлары - №4, кардиохирургиялық - №5, гинекологиялық - №6, оториноларингологиялық - №7, травматологиялық - №8.



Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі Г блогында, екінші қабатта орналасқан. Бөлімшенің қызметі-медициналық мақсаттағы бұйымдарды уақтылы және сапалы зарарсыздандыру алдындағы өңдеу мен зарарсыздандыру және сақтауды  жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелер үшін таңу материалдарын дайындау, регламентке сәйкес жинақтау.

 

Бөлімше меңгерушісі

Қариев Абылманбет Шаймұратұлы

Жоғары санатты хирург

  • Алматы қаласы, 2003, 2012, 2013 жылдары - Қазақстан Республикасы хирургтар конгресінің халықаралық қатысатын  делегаттарының қатарында;
  • 2013 жылы - Өскемен қаласы және Қарағанды қаласы эндоскопиялық  хирургтар  конгресінің делегаты.

Еңбек өтілі: 28 жыл

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефоны: +7 (7172) 57 34 04, 43 26 89

 

 

БӨЛІМШЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

  • Кенбейлова Айғаным Мырзабайқызы – операциялық блоктың аға мейіргері.
    Еңбек өтілі: 28 жыл
  • Омарова Жанаргүл Есмағұлқызы – орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесінің аға мейіргері.
    Еңбек өтілі: 17 жыл

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 8-үй 

Операциялық блок, 3-қабат