№ 2 көпбейінді қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істейтін маңызды бөлімше болып табылады.
Қабылдау бөлімшесінде Triage (3Н) жүйесі енгізілген. Науқастар ағымын сұрыптау (қызыл, сары, жасыл).
Күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек ұйымдастырылады.
№ 2 КҚА қабылдау бөлімшесінде жұмыс істейді:
- Кіші хирургиялық емшаралар жүргізілетін таңу кабинеті: жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу, зарарланған жараларды санациялау, қан кетуді тоқтату және т. б.
- Талдауға қан алу, инъекция жүргізілетін және т. б. арналған 2 емшара кабинеті бар.
- ҚТП (қарқынды терапия палатасы) ауыр науқастар түскен жағдайда қызыл аймақ (6 төсек орынды), қазіргі заманғы аппаратурамен жабдықталған (ИВЛ, ЭКГ - аппарат, дефибриллятор, портативті рентген аппараты, партитивті УДЗ аппараты).
- 8 қарау-тексеру кабинеті
- Науқастарды санитариялық өңдеуге арналған 2 кабинет
- Күндізгі стационар бөлімшесі бар
- Аса қауіпті инфекциялар жағдайына күдікті науқастарға арналған БОКС (изолятор)
Пациенттерге қызмет көрсету үшін бөлімше қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған, тәулік бойы клиникалық-диагностикалық зертханалық зерттеулердің барлық түрлері, ЭКГ, рентгенодиагностика, экскреторлы урография, цистография, ангиография, холангиография, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық зерттеулер, видеобронхоскопия, видеоэзофагогастродуоденоскопия, колоноскопия және басқа да зерттеулер жүргізіледі. Пациенттерді тексеріп-қарау, тексеру кезінде бірыңғай стандарттар әзірленді. Пациенттерді аурухананың қабылдау бөлімшесінен үйге аурухана көлігімен жеткізу жүзеге асырылмайды. |
|
Жоспарлы емдеуге жатқызу бөлімше меңгерушілеріне алдын ала кеңес бергеннен кейін емдеу мекемелерінен басшылық куәландырған және тексерудің барлық қажетті нәтижелерімен расталған жолдамалары болған жағдайда белгіленген күні жүзеге асырылады. Емдеуге дейінгі зерттеулер тізбесі:
|
Бөлімше меңгерушісіЖаксалыкова Мадина Табылдықызы "Астана Медициналық Университеті "АҚ-ның емдеу ісі мамандығы бойынша түлегі , екінші санатты терапевт дәрігер, " Терапияның өзекті мәселелері " тақырыбында және "EXPO 2017-ге дайындық аясында медициналық мекемелерде тиімді сервистік қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсынан өтті. 2017 жылы Израильде Хайфа қаласында "Триаж" жүйесі бойынша оқудан өтті. Еңбек өтілі: 8 жыл Байланыс телефоны: 43 26 67 |
БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ
- Рахымжанова Айжан Байдалыкызы – екінші санатты терапевт дәрігер. "Астана Медицина Университеті"АҚ түлегі.
Еңбек өтілі: 3 жыл - Бектасова Шолпан Сабырқызы – терапевт дәрігер. "Астана Медицина Университеті"АҚ түлегі.
Еңбек өтілі: 1 жыл - Жаппасбаева Асылгүл Жұмабекқызы – терапевт дәрігер. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі.
Еңбек өтілі: 3 жыл - Аубакирова Перизат Қалкенқызы – терапевт дәрігер. "Семей медицина университеті" ҰАҚ түлегі.
Еңбек өтілі: 1 жыл - Газизова Кымбат Мараткызы – терапевт дәрігер. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің Түлегі.
Еңбек өтілі: 1 жыл - Закиева Аяулым Фархатовна – терапевт дәрігер. "Семей медицина университеті" ҰАҚ түлегі.
Еңбек өтілі: 2 жыл - Кенжебекова Айдана Нуржанкызы – терапевт дәрігер. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі.
Еңбек өтілі: 1 жыл - Ямковая Валентина Сергеевна – терапевт дәрігер. "Астана Медицина Университеті"АҚ түлегі.
Еңбек өтілі: 3 жыл - Жакиянов Думан Жардемқұлұлы – хирург дәрігер. "Семей медицина университеті" ҰАҚ түлегі.
Еңбек өтілі: 20 жыл
Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй
Қабылдау бөлімшесі, 1- қабат.
Тіркеу орны: 8 (7172) 57 72 45
Қабылдау бөлімшесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 57 72 44, 57 72 49, 43 26 67.