- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
№2 Көпбейінді қалалық аурухананың директоры Иван Ли Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық Денсаулық сақтау басқарамасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілік магистрі Кисикова Сауле Дюсебековнаның алдында жылдық есебін берді.
Жиналыс басында Қоғамдық Денсаулық сақтау басқарамасының жетекшісі Кисикова Сауле Дюсебековна барлық аурухана қызметкерлерін жаңа жылдарымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар жаңа жылдың басты жаңалығы - елімізде 1-қаңтардан бастап МӘМС жүйесімен бүкіл медициналық ұйымдарының жұмыс істеп келе жатқанын еске сала кетті. Ескі 2019-жылдың қорытындысын, яғни аурухананың жетістіктері мен жаңалықтары туралы басты спикер Иван Ли 15-минуттық бяндамасында баяндап өтті. Баяндама барысында аурухананың әлі де жұмысын жақсарту керектігін де айтты. Әрі қарай өз баяндамасын №2 Көпбейінді қалалық аурухананың директорының акушерлік көмек бойынша орынбасары Аубакиров Ербол Мурсалович жалғастырды. Жиналған барлық емхана және өзге де медициналық ұйым қызметкерлері жалпы №2 Көпбейінді қалалық аурухананың жылдық есебімен таныс болды.