Осы жылдың қыркүйек айында «№2 көпбейінді қалалық аурухана» базасында «Республикалық қауіпті акушерлік орталығы» ашылды.
Республикалық қауіпті акушерлік орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұйымдарынан келген немесе жедел жәрдем көмегімен, санитариялық авиациямен жеткізілген пациенттердің денсаулығын тұрақтандыруға, босанғаннан кейінгі, аборттан соң әртүрлі ағзаның өмірлік маңызды қызметінің бұзылуын қалпына келтіру және қолдау бойынша ауқымды кешенді іс-шараларды уақытылы жасау мақсатында құрылған.

Орталықта әртүрлі бейіндегі мультитәртіптік мамандар тобының қатысуымен анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог дәрігерлер қызмет көрсетеді.
Орталық бүкіл Қазақстан бойынша емханалармен, клиникалармен және басқа да республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыс қарым-қатынаста және ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
«Бүгін біз сирек кездесетін клиникалық жағдайдағы науқасты шығарып жатырмыз. Бұл науқаста жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңде қантсыз диабет клиникалық асқынуы қиындық тудырды: бұл тәулігіне 13,5 литрге дейін жиі және көп мөлшерде зәр шығару және олда табиғи жолмен шықпайды, содан кейін мүлдем басылмайтын шөлдеу. Яғни өте қауіпті асқыну, бұл барлық ағзаның қызметін және өмір сүру жүйесін бұзады, естен тану, шокқа түсу және өлім жағдайына дейін алып келеді. Өңірлік дәрігерлермен бірге телемедицина сеансы жүргізіліп және санитариялық әуе жолдары арқылы орталыққа ауыстыру ұсынылды. РҚАО дәрігерлері науқастың жағдайын тұрақтандыру үшін үлкен жұмыс жасады. Бұл аурудың дифференциалдық диагностикасы жүргізілді. Негізгі гормондық терапия тағайындалды, дәрі-дәрмектің жеке дозасы таңдалды, бұл оның жағдайының қалыпына келуіне мүмкіндік берді», - дейді РҚАО басшысы, профессор А. Ш. Жумадилов.