Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерті

13 желтоқсан 2019 ж «№2 көпбейінді қалалық ауруханада» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерті өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні - жыл сайын Қазақстанда 16-17 желтоқсан күні атап өтілетін басты ұлттық мереке. Көптеген мемлекеттік мерекелер сияқты, ол республикада тұрып жатқан халықтар мен ұлттардың әртүрлі мәдени және этникалық салт дәстүріне қарамастан татулыққа шақыратын маңызды мереке. Бұл еркін және тәуелсіз бейбіт өмір сүріп жатқан республикада жеке ұлттар мен халықтардың ұлттық киімдерін, билерін, аспаздық дәстүрлерін және басқа да мәдени элементтерін көрсету мүмкіндігі.

«№2 көпбейінді қалалық аурухананың» директоры Иван Ли әріптестерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен салтанатты түрде құттықтады және қызметкерлерді клиникадағы сәтті және жемісті еңбектері үшін құрмет медальдарымен марапаттады. Атап айтсақ, «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» медалы босанғаннан кейінгі бөлімшенің меңгерушісі К.Т. Бектусынова, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», пульмонология бөлімшесінің меңгерушісі М.Т. Абишев. Екі аурухананы біріктіргеннен кейін алғаш рет клиниканың логотипі бар төс белгі бүгін 33 қызметкерге табысталды.

«The best doctor.kz» айрықша белгілермен босанғаннан кейінгі бөлімшенің меңгерушісі В.И. Гергерт, жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі А.В. Смоленский, көз микрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі С.А.Кулака марапатталды.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Кулгинов белсенді және жетістігі мол еңбегі мен қайырымдылығы үшін директордың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Н.Тұрсынбаевқа «Шапағат» мемлекеттік медалін тапсырды. Сондай-ақ директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары А.Т. Қалмагамбетовада дипломмен марапатталды.