- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
№2 көпбейінді қалалық ауруханаға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келіп, мекеменің жұмыс барысымен танысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін көтерген болатын. Әсіресе, ана мен бала өлімінің деңгейін төмендету жайы басты проблема. Осы ретте ана мен бала денсаулығын сақтау - денсаулық сақтау жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі,- дейді министр.
Өкінішке орай, әлемде әйелдердің мерзімінен ерте босану көрсеткіштері төмендер емес. Көптеген адамдарда мерзімінен бұрын дүниеге келген балалардың ары қарайғы тағдыры мен мүгедектікке байланысты сұрақтар туындайды. Жөргекте жетілуге тиісті шақалақтың бабын табу оңай шаруа емес. Аса ұқыпты күтім, жоғары технологиялық құралдарды қолдана отырып сапалы емдеу қажет. Осы ретте Елжан Амантайұлы ауруханамыздағы катамнез және оңалту бөлімшесінің өте маңызды қызмет атқаратындығын атап өтті. Аталмыш бөлімшеде үш жасқа дейінгі балаларға тегін түрде көмек көрсетіледі.
Катамнез және оңалту бөлімшесінде шала туған, салмағы аз, сондай-ақ, денсаулығында ақауы бар балаларға арнайы емдеу шаралары жүргізіледі. Білікті мамандар мен заманауи құрылғылар тәуекел тобындағы нәрестелердің өмірін сақтап қалады. Елжан Біртанов дәл осындай бөлімшелер еліміздің барлық аймақтарындағы ауруханаларда ашылу керектігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, осы бағытта қызмет ететін дәрігерлерді дайындау қажет. Осылайша, әрбір сәбидің денсаулығы білікті мамандардың қолында болып, осы бағыттағы көрсеткіштер жақсара түспек.