- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
Бүгін №2 көпбейінді қалалық ауруханада мекеме қызметкерлерінің жалпы отырысы өтті. Бас дәрігер Иван Ли бастаған жиналыс 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысты қорытындылауға арналған. Бас дәрігердің орынбасарлары азаматтарға көрсетілген медициналық қызмет, хирургиялық көмек, амбулаторлық бағыт, әйелдерді босандыру және нәрестелерге күтім жүргізу тұрғысында есеп беріп, статистикалық деректермен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың тамыз айында №1 перинаталды орталық пен №2 қалалық аурухана біріктірілген болатын. Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер өзінің оң нәтижесін көрсетіп отыр. №2 көпбейінді қалалық аурухана қабырғасында өте ауыр халдегі әйелдердің өмірін сақтап қалу деректерінің болуы осыған айғақ. Себебі, кез-келген сәтте әйелдер салалық дәрігерлердің көмегіне жүгініп, ем қабылдай алады. Осылайша, уақыт үнемделіп, барынша нәтижелі медициналық көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, жиналыс барысында алдағы жартыжылдыққа жоспар жасалып, қызметкерлер тарапынан айтылған ұсыныстар талқыланды. Өз кезегінде бас дәрігер Иван Ли аурухананың әрбір бағыттағы жоғары нәтижелері үшін мамандарға алғыс білдіріп, жұмыста сәттілік тіледі.