- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
Күнделікті өмірде түрлі жағдайлардың орын алып, көптеген адамдардың зардап шегу деректері кездесіп жатады. Бір мезетте әрі күтпеген жағдайда болған оқиға емдеу мекемелеріне айтарлықтай жүк артады. Әсіресе, зардап шеккен адамдарға алғашқы көмекті көрсететін дәрігерлер қауымының біліктілігі жоғары болуы тиіс.
Осыған орай бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада төтенше жағдайда зардап шеккен азаматтар қатарына көмек көрсету бойынша кешенді оқу-жаттығулар өтті. Шараға еліміздің өзге өңірлерінен Жедел медициналық жәрдем станцияларының бас дәрігерлері мен қабылдау бөлімшелерінің меңгерушілері арнайы келіп, тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының өкілдері белсене қатысып, оқу-жаттығу шарасы бойынша өз ойларын ортаға салды.
Жиынға қатысушылар бүгін атқарылған жұмысты қорытынды конференцияда талқылап, сала өкілдеріне кеңестер берді. Осылайша, мұндай оқу-жаттығу шаралары дәрігерлердің кез-келген жағдайға дайын болып, дереу әрекет етуіне септігін тигізеді.