№2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлері интервенциялық кардиохирургия бағытында өз біліктіліктерін арттырды



         №2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлері интервенциялық кардиохирургия бағытында өз біліктіліктерін арттырды. Шеберлік сабағы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасын өткен болатын. Оны әлемнің ең жетекші кардиологы, профессор, Мюнхен қаласы Рехтц дер Изар Бірінші университеттік клиникасы және емханасының Бас дәрігерінің орынбасары Кристиан Купатт жүргізді.

         Коронарлық күретамырлардағы эндоваскулярлық араласулардың негізгі әдістерін оқытуға бағытталған шеберлік сабағы 5 күнге жалғасты.  Оған №2 көпбейінді қалалық аурухананың 30 маманы қатысты. №2 көпбейінді қалалық аурухананың мамандары коронарлық күретамырлардағы эндоваскулярлық араласулардың негізгі әдістеріне, сондай-ақ жіті миокард инфарктісі барысындағы қан айналымды қалпына келтірудің эндоваскулярлық әдістеріне ерекше мән берді. Бұдан бөлек, Германияда ангиография барысында қолданылатын құрылғылармен етене жақын танысты.

        Профессордың айтуынша әр елде операция жасаудың өзіндік әдістері болғандықтан, медицина қызметкерлеріне тәжірибе алмасу аса қажет. «Біз шеберлік сабағы барысында шамамен 12 операция жасадық. №2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлерінің кәсіби біліктілігінің жоғарылығын атап өту қажет. Қазақстандық дәрігерлер күрделі әдісті меңгерді және жағдайы ең ауыр деген емделушілерді аяққа тұрғызуда. Мен Қазақстанға алғашқы рет келіп тұрмын. Бірақ, болашақта көбірек келіп, интервенциялық кардиохирургия бағытында тәжірибемен алмасуды қалар едім», - деп бөлісті профессор.

       Сонымен қатар, шеберлік сабағы барысында Port Access инновациялық әдісі арқылы операция жасалды. Аурухананың кардиохирург дәрігерлерінің пікірінше, операцияны ең аз кірумен орындау, оңалту кезеңін едәуір жеңілдетеді. Осылайша, емдеудің заманауи әдістерін енгізу, отандық медицинаның дамуына жаңа қарқын береді.

        Шеберлік сабағының соңында профессор операция жасалған науқастарды қарап шықты, сондай-ақ шеберлік сабағының қатысушыларымен әңгімелесу түрінде аралық білімдерінің тексеруін жүргізу ұйымдастырылды. Іс-шара соңында сертификаттар табысталды.

        Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен №2 көпбейінді қалалық ауруханасында  шамамен 5 шеберлік сабағы өткен болатын.