Қазақстанда алғаш рет халықаралық шеберлік сабағында емделушілерге төртінші буын стенті қойылды



     Қазақстанда алғаш рет халықаралық шеберлік сабағында бұған дейін миокард инфарктісіне шалдыққан емделушілерге, төртінші буын стентін орнатты. Еліміздің жетекші интервенциялық кардиологтары №2 көпбейінді қалалық ауруханада жиналып, денсаулық сақтау саласындағы аз инвазиялық әдістермен танысты. Бұл әдіс науқастың неғұрлым тез сауығып кетуіне септігін тигізіп, операциядан кейінгі асқынулардың қаупін азайтады.

     "Коронарлық күретамырлардың жаппай созылмалы бөгелмелерін эверолимус дәрі-дәрмектік затымен қапталған аса жіңішке балкалы Evermine 50™ төртінші буындық стенттерімен емдеу әдісі" тақырыбындағы шеберлік-сабағын Италиядан арнайы шақыртылған профессор, медицина ғылымдарының докторы, халықаралық деңгейдегі білікті маман Пьер Франческо Агостони өткізді. Ол интервенциялық кардиология бағытында біршама кітап жазып, ұлттық және халықаралық зерттеулерге белсене қатысады. Шеберлік сабағының басында №2 көпбейінді қалалық ауруханасының бас дәрігері Иван Ли құттықтау сөзін сөйледі.

      Пьер Франческо Агостони интервенциялық кардиологияның мамандарын жүректің ишемиялық ауруы және коронарлық күретамырлардың жаппай созылмалы бөгелмелері ауруына шалдыққан науқастарды инновациялық емдеу әдістерімен таныстырды.

      Шеберлік сабағының бірінші сессиясында Evermine 50™ қолданумен үш операция жасалған. Сонымен қатар, профессор "Тері арқылы субтотальды созылмалы окклюзияны будандық алгоритм көмегімен емдеу" тақырыбында лекция оқыды.

      Ал, шеберлік сабағының екінші сессиясында операцияның тікелей көрсетілімінен соң профессор қатысушылармен бірге өткізілген отаны талқылап, денсаулық сақтау саласындағы инновациялық емдеу әдістері туралы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.