- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
- Click to open image! Click to open image!
Нұр-Сұлтан қаласы №2 көпбейінді қалалық аурухана базасында Есіл ауданының жүкті әйелдері мен тұрғындарына арналған Емдеу-диагностикалық орталығы ашылды.
Елордада Емдеу-диагностикалық орталығын ашудың мақсаты аналық, перинаталдық және нәрестелік аурулар мен өлім-жітімді азайту болып табылады.
Аталған орталықта, жыныстан тыс дерті бойынша жоғары қауіп-қатерлі топтағы жүкті әйелдердің барлығы, жүктілікті жүргізу мен босану жоспарымен көп тәртіптік комиссияның қорытындысымен, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша зерттеудің қосымша әдістері бойынша салалық, кәсіби мамандардан кеңестер ала алады.
Орталықта жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсетіп, кабинеттер барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Әйелдер бір бөлмеде дәрігерге қаралып, диагностикалаудан өте алады және қажет болған жағдайда күндізгі стационарда емделу қарастырылған. Қабылдауды: гинеколог, акушер - гинеколог, генетик, кардиолог, невропатолог, терапевт, пульмонолог, маммолог, ревматолог, эндокринолог, нефролог, уролог, хирург, травматолог, жақ – бет сүйегі хирургы, гастроэнтеролог дәрігерлері жүргізеді.
Болашақ аналар өз ісінің шеберлеріне толық сенім білдіре алады. Жүктілікті жүргізу жөніндегі бағдарламаға жүктіліктің ерте кезеңіндегі сараптық тобының УДЗ, нәрестенің түрлі дерттерін анықтайтын екінші және үшінші кезеңінің шолуы, зертханалық диагностиканың барлық түрлері кіреді. Осының барлығы, жүктілікті толық көлемде бақылауға және болашақ ананың денсаулығы өзгерістеріне уақытылы жауап қайтаруға мүмкіндік туғызады.
Емдеу-диагностикалық орталық, босануға көмек беру жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлық деңгейдегі өзге де ұйымдармен өзара әрекеттесе отырып, әр емделушіге жеке дара қарауды жүзеге асыратын болады!