"Қолқалы коронарлық ұштастырудың заманауи техникалық нұсқалары" тақырыбындағы апталық шеберлік сабағы



 
Бүгін Хирсланден госпиталінің (Швецария) жетекші кардиохирургы, профессор Паскаль Андре Бердаттың қатысуымен өткен "Қолқалы коронарлық ұштастырудың заманауи техникалық нұсқалары" тақырыбындағы апталық шеберлік сабағының қорытындылары жарияланатын болады.
 
Шеберлік сабағын өткізу барысында, профессор, Еуропаның жетекші кардиохирургы ЖКО зардап шеккендерді құтқаруға қатысып, нақтырақ Филиппин елінің азаматшасына операция жасалды.
 
Сарапшымен, қолқалы коронарлық ұштастырудың жаңаша технологиялары және әдістері туралы ең өзекті тақырыптарға арналған бірқатар лекиялар ұсынылды. Лекциялық материалмен қатар №2 көпбейінді қалалық аурухананың операция жасау блогында профессор бірқатар оталар жасады: жүректің ишемиялық ауруындағы ұштастыру, қолқалық және қос жармалы қақпақшаның тарылуындағы қақпақшаның хирургиялық жолмен ауыстыру. Бұдан бөлек, науқастарды операциядан және оңалтудан кейінгі жүргізу тактикасы талқыланды.