Бүгін ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК базасында «Аорт тамыры хирургиясының заманауи мүмкіндіктері» тақырыбында мастер-класс өз жұмысын бастады. Мастер-класс Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып отыр, оған әлемдік деңгейдегі жетекші сарапшы мамандар қатысты.
Іс-шара №2 көпбейінді қалалық аурухана бас дәрігері Иван Ли алғы сөзімен басталды және мастер-класс қатысушыларына сәттілік тіледі.
- Click to open image! Click to open image!

Іс-шараға Литвадан келген Каунас кардиологиялық клиника директоры, Еуропа кардиоторакалдық хирургтар қауымдастығының мүшесі, профессор Римантас Бенетис және «Ұлттық ғылыми-медициналық орталық» АҚ кардио-торакалдық хирургия бөлімшесінің басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Адильжан Альбазаров және №2 көпбейінді қалалық аурухананың жетекші кардиохирургтары: Сейл Мухаметкалиев, Алексей Смоленский, Александр Ли белсенді қатысты.
Сарапшылар аорты тамыры, аорты тамырының хирургиялық анатомиясы, аорталдық клапанды интраоперациондық бағалау, аорты тамырына клапан сақтаушы операцияның қандай көрсеткіштері бар, «Росса операциясы» және «Биологиялық Бенталл. Freestyle биологиялық тамыры (Medtronic)» операцияларының заманауи мүмкіндіктері туралы аса маңызды тақырыптарға арналған біршама дәріс ұсынды.
№2 көпбейінді қалалық аурухананың операциялық блогында дәріс материалымен таныстырумен қатар, профессор Римантас Бенетис клапан сақтаушы операциясын және Freestyle биологиялық тамырлы аорталдық клапанды протездеу түріндегі операцияларды online тәртібінде жасады, онда барлық операция барысын экраннан көріп және мәжіліс залындағы мастер-класс қатысушылары талдау жасай алды.
Мастер-класс соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.