Астаналық урология мектебі



Бүгін ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК базасында «Астаналық урология мектебі» оқуы аяқталды. Мектеп Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастамасымен әлемдік деңгейдегі сарапшы жетекші мамандарды шақырып екі жақты әріптестік шеңберінде өткізіліп отыр.

Іс-шараны Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова ашты.

«№2 көпбейінді қалалық аурухана бас дәрігері Иван Ли көпбейінді стационар шеңберінде урологиялық қызметті дамытудың заманауи мүмкіндіктері жөніндегі баяндамасымен сөз бастап, қуықалды без обырын хирургиялық емдеудің заманауи аспектілерін, бұдан басқа жаңа ISG технологиясын пайдаланудың өңірлік лимфодиссекция мүмкіндігі туралы айтты.

Бұл іс-шараны Астана қаласының уролог және андролог қауымдастығының төрағасы медицина ғылымдарының докторы, профессор Гафур Хайрли қолдап, урология мектебінің бірінші ашылуы күні қолдап сөз сөйледі.

«EUROPEANMEDICALCENTER» урология орталығының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Искандер Абдуллин «Простатит обыры», «Қуықалды без обыры кезіндегі фьюжн биопсиясы» тақырыбында дәріс материалын ұсынды.

Астаналық урология мектебінің қатысушылары үшін экранда лапароскопиялық радикальдық простатэктомиис лапароскопиялық регионарлық лимфодиссекция (IСG технология) бойынша операция, сондай-ақ бүйрек ісігі ишемиясы бар/жоқ лапароскопиялық энуклеорезекция; миниперкутандық нефролитотрипсия, мульти мүмкіндік ұсынылды.

Екінші күні Астаналық урология мектебі «шынайы хирургия» режимінде өтті. Профессор, Рессей Федерациясының еңбегі сіңген дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Сеченова атындағы бірінші Мәскеу медициналық университетінің жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі Эдуард Галлямов 3-D режимде мәжіліс залынде транслация жасалған екі лапароскопиялық операция жасады. Үзіліс кезінде профессор, Эдуард Галлямов несеп жолдары жүйесі мүшелерінің асқынған аралас ауруларын, оның ішінде ісіктерін операциялық емдеу бойынша бейне материалдарын көрсетті.

Мектеп соңында съезд қатысушыларына сертификат берілді.