«Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 2 қалалық аурухана» МКК-да бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды

«Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 2 қалалық аурухана» МКК-да бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Т. Рыскулов к-сі,6 тел. 577-229 Ресми сайты – http: //www.astanaclinic.kz

Мекеменің қызметінің мақсаты азаматтар ауруларын алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша медициналық және дәрігерлік қызмет көрсету, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында ғылыми қызмет жасау, Қазақстан Республикасының тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Бақылау кеңесі мүшелеріне байланысты талаптар:

1) денсаулық сақтау салаларындағы кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;

3) білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды;

2. Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Құжаттар тізімі:

1) Байқауға қатысу өтініші

2) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме

3) Еркін нысанда жазылған өмірбаян

4) Төлқұжатының көшірмесі

5) Жоғары білімі туралы құжатының көшірмесі

6) Еңбек кітапшасының, еңбек келісімшартының немесе жұмысқа алу және жұмыстан босату туралы бұйрықтар көшірмесі

7) Қазақстан республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық құрылымдық бөлімдерінде берілген соттылығы жоқ екендігін және жемқорлық заң бұзушылығы жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі,

аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

 

Байқаудың өтетін орны – Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі 11, каб.420

Байқаудың басталу күні –05.10.2017 жыл

Байқаудың аяқталу күні – 03.11.2017 жыл (30 күн)