Кеше, 27 қыркүйек күні, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналысы барысында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырылуына және өткізілуіне жұмылдырылған медицина қызметкерлері марапатталды. Соның ішінде №2 қалалық ауруxананың бас дәрігері Ли Иван Иванович Астана қаласының əкімі атынан алғыс xатқа ие болды.
Бұл шара барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров барлық медицина қызметкерлеріне жасаған үлкен жұмысы және Астананың тұрғындары мен қонақтарына медициналық көмек көрсетудегі кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдірді. Барлық медицина қызметкерлеріне денсаулық, жетістік және кәсіби жеңістер тіледі.