Көз сезу органдарының бесеуінің ішіндегі ең ақпараттық орган болып табылады. Мұны көптеген тәжірибелердің негізінде жасалған ғалымдардың қорытындылары куәландырады. Сол қорытындыларға сүйенсек, адамдар қоршаған әлем туралы 90 % мәліметтерді көру арқылы қабылдайды. Жыл сайын, қазан айының екінші сейсенбісінде Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ұйымының бастамасы бойынша Дүниежүзілік көру күні (WorldSightDay) аталып өтеді, ол әлемдік қоғам назарын соқырлық, көру қабілетінің бұзылуы және көру қабілеті бұзылған адамдарды оңалту мәселелеріне аудартуға үнделген.
2015 жылғы 08 қазанда Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 2 қалалық аурухана» МКК Дүниежүзілік көру күнімен ұштастырылған Ашық есік күні өтті, оған офтальмолог мамандардың тегін кеңестерін алуға, сондай-ақ көз ауруларының ескертуге бағытталған алдын алу сұхбаттарын алуға мүмкіндіктері бар елордамыздың 70-тен астам тұрғыны қатысты.
Ісшараның негізгі бағыты – көз ауруларының алдын алу, проблемаларды ерте кезеңде анықтауға септігін тигізетін мамандарында көру қабілетін жиі тексерілу қажеттілігі, яғни – емдеу бойынша уақтылы шаралар қабылдау және үлкен залалдан құтылу.
№ 2 қалалық аурухананың дәрігерлері, заманауи жоғары технологиялық аялауыш әдістемелер мен өз санатындағы үздік жабдық осы уақытта көру қабілетіне байланысты қандай болмасын мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Көздеріңізді сақтаңыздар және оларды тек өз ісінің мамандарына ғана сеніп тапсырыңыздар!