×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/astanaclinic.kz/new.astanaclinic.kz/images/8
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/8

ШЖҚ «№ 2 қалалық аурухана» МКК президенттің кезектен тыс сайлауы өтті

2015 жылғы 26 сәуірде № 2 Қалалық ауруханада Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. ҚР Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша Қазақстан Республикасының президентін кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге 9 965 (тоғыз мың тоғыз алпыс бес) сайлау комиссиялары қатыстырылған. 

Қазақстанда президент сайлауы осымен бесінші мәрте өтіп отыр. Сайлауға үш үміткер қатысты, оның ішінде елді 1989 жылдан бастап Қазақстан Компартиясының ОК-нің бірінші хатшысы, кейін ел президенті лауазымында басқарып келе жатқан, қазір іс басындағы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Н.Назарбаевтан басқа президенттікке үміткер ретінде Қазақстанның Коммунистік халық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Тұрғын Сыздықов пен елдің кәсіподақ федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов тіркелген.

Дауыс беру 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін 171-ші сайлау учаскесінде өтті. Сайлау комиссиясының барлық мүшелері тиісті дайындық пен оқытудан өткен. Учаскеде бірінші сайлаушыларға сыйлықтар берілді. Қазақстан президентін кезектен тыс сайлауын өткізу барысында бұзушылықтар жөнінде шағымдар болған жоқ, дауыс беру тыныш жағдайда өтті.

№ 2 Қалалық ауруханадағы сайлау учаскесін жабу сәтіне сайлаушылардың келуі 100 % құрады. ОСК сайлаудың алдын ала қорытындыларын 27 сәуірде хабарлайды. 7 күннің ішінде дауыс берудің соңғы қорытындылары шығарылады.

{gallery}8{/gallery}