Витрэктомия.
2015 жылғы 2 қазанда Астана қ. ШЖҚ «№ 2 қалалық аурухана» МКК алғаш рет қалалық стационар деңгейінде ЖММК «Витроэктомия» жаңа технологиясы енгізілді.
Витрэктомия («витреум» - шыны тәріздес дене; «эктомия»- жою) – бұл мақсаты өзгертілген шыны тәріздес денені жою болып табылатын хирургиялық операция. Осы уақытта витроэктомия бұрынырақ жазылмайды деп есептелген көз торы мен шыны тәріздес дене ауруларын емдеуді орындауға мүмкіндік береді. Витроэктомия операциясы кірпікті дененің тегіс бөлігінде, көздің сыртқы мөлдір қабығы мен торында орналасқан көздегі үш кішкентей қиық арқылы жүргізіледі. Бұл орын арқылы құралдарды енгізу тор қабығы мен көзбұршақты зақымдаудан сақтайды. Стандартты витроэктомияның үш портты әдістемесі көру органының төмендегідей көз аураларын емдеу үшін пайдаланылады:
- Шыны тәріздес денеге қан құйылу, көз торының тракциялық қабатталуы, тракционды макулярлы ісікпен асқынған пролиферативті диабеттік ретинопатия;
- Макулярлы тесік, макулярлы үзілу;
- Витреоретиналды тракционды синдром, эпиретиналдық фиброз;
- регматогенді немесе тракциондық этиологиялық көз торының қабаттануы;
- көз іші инфекциясы (эндофтальмит, асқынған увеит);
- көзбұршақтың шыны тәріздес денеге шығып кетуі, шелді жойғаннан кейін интроокулярлы линзаның шыны тәріздес денеге люксациясы;
- қайталанатын гемофтальм (шыны тәріздес денеге қанның құйылуы);
- шыны тәріздес денеге қанның құйылуымен, көз торының қабатталуымен, көз іші өзге денелермен сүйемелденетін көздің ауыр жарақаты.
Трехпортовая витрэктомия |
Витрэктомия. Сызбасы |
Гемофтальм кезіндегі ВРХ |
Замануи витреоретиналдық хиругияда қолданылатын барлық технологиялар мен шығын материалдары – бұл бір негізгі міндетті орындауға арналған құрал ғана – ол көз торы мен шыны тәріздес дененің асқынған паталогиясы кезінде көз көру қабілетін қалпына келтіру. Аурудың әр жағдайы жеке болып табылады, әр нақты көз және әр нақты емделуші үшін витреоретиналдық хирургияның қандай әдісі немесе әдістемелердің әрекеттері қолданылуы тиіс екенін тек хирург қана шеше алады. Осы уақытта емделушінің жағдайы қанағаттандырарлықтай. Біздің жоғары білікті мамандарымыз аталған әдістемені одан әрі пайдалануды жоспарлап отыр. Витреоретиналдық хирургияның заманауи әдістерін қолдана және қиыстыра отырып, көз торы мен шыны тәріздес дененің қандай болмасын ауруын емдеуге болатынын сенімділікпен айтуға болады.