Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «№ 2 қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Т. Рысқұлов көшесі 6 үй, тел. 577-229 Ресми сайты - http://www.astanaclinic.kz
Бақылау кеңесі мүшелеріне байланысты талаптар:
1) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметтегі (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;
3) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері;
4) мемлекеттік мекемелердің штаттық қызметкерлері санының өкілдері;
5) Парламенттің және жергілікті өкілді органның депутаттары;
6) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы кәсіпорынның жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін осы кәсіпорынға демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсететін жеке кәсіпкерлер;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі болуын қамтиды.»;
Құжаттар тізімі:
1) Байқауға қатысу өтініші
2) Еркін нысанда жазылған өмірбаян
3) Төлқұжатының көшірмесі
4) Жоғары білімі туралы құжатының көшірмесі
5) Еңбек кітапшасының, еңбек келісімшартының немесе жұмысқа алу және жұмыстан босату туралы бұйрықтар көшірмесі
6) Қазақстан республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық құрылымдық бөлімдерінде берілген соттылығы жоқ екендігін және жемқорлық заң бұзушылығы жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар
Байқаудың өтетін орны –Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі 11, каб.418
Байқаудың басталу күні – 30.07.2015 жыл
Байқаудың аяқталу күні – 30.08.2015 жыл (30 күн)