«Торакальдық хирургияның заманауи мәселелері» тақырыбындағы халықаралық шебер-класс

2015 жылдың 18-20 қарашасында «№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК базасында «Торакальдық хирургияның заманауи мәселелері» тақырыбындағы халықаралық шебер-класс өтеді.

Аталған шебер-класстың мақсаты – елорда хирургтерін миастенияны, өкпелерді ауыстырып салуды, кеңірдек стенозы кезінде циркулярлық резекцияның көрсеткіштерін хирургиялық емдеудің заманауи әдістерімен таныстыру.

 

Бұл ісшараның ұйымдастырушылары Астана қаласының Оқу-клиникалық орталығы мен № 2 қалалық аурухана болып табылады. Шебер-классты өткізу үшін Мәскеу қаласының Денсаулық сақтау департаментінің бас штаттан тыс торакальдық хирургі, Склифосовский атындағы Жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтының Шұғыл торкаоабдоминалдық хирургия ғылыми бөлімшесінің басшысы Евгений Александрович Тарабрин (Мәскеу қаласы, Ресей) шақырылды, ол күрделі, эндоскопиялық операцияларды көрнекі түрде онлайн режимде жүргізеді.

Сондай-ақ шебер-класс жұмысына № 2 қалалық аурухананың бас дәрігері М.А. Жантұрғанов, бас дәрігердің хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Н.Н. Турсынбаев, м.ғ.д., профессор А.И. Колос, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Медициналық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті, м.ғ.д., профессор Г.Б. Ракишев, профессор, м.ғ.д. С.Н. Кобландин, № 2 қалалық аурухананың торакальдық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі К.С. Джаркеев қатысады. Келесі операцияларды онлайн-көрсету (бейнекоференциялар) жүргізіледі: «Альвеолярлық протеиноз кезінде кеңірдек-бронхтық ағаштың лаважы», «Кеңірдек стенозы», «Өкпелердің булезді эмфиземасы. Буллды торакоскопиялық жою».

Шебер-класс хирургиялық қызметтердің барлық өкілдеріне, түрлі елдерден келген машықтанушы дәрігерлер үшін торакальдық хирургияны дамыту мүмкіндіктері туралы тәжірибемен, идеялар және білімдермен алмасу, сондай-ақ таяу жылдардағы негізгі міндеттерді талқылау және іске асыруға халықаралық алаң болады.

Шебер-класстың аяқталуы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі.