2015 жылғы 28 қыркүйек пен 28 қазан аралығында жедел респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмококктық инфекциялардың алдын алу жөнінде айлық жүргізу тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарының шеңберінде СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2015 жылғы 28 қыркүйек пен 28 қазан аралығында ЖРВИ, тұмау мен пневмококктық инфекциялардың алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.

 

Тұмау мен ЖРВИ індет пен өлім-жітімге әкеле отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласына қауіпті мәселе тудырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше дүниежүзінде тұмаудың салдарынан әлемде 3-5 млн. ауыр оқиға мен 250-500 мың өлім-жітім тіркеледі.

Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 2014 жылы ЖРВИ-дің 765546 оқиғасы  және 960 тұмау оқиғасы тіркелген.

Тұмау көбінесе мұрынның, тамақтың, бронхтың және кейде өкпенің қабынуына әкеп соғаты вирустық инфекция болып табылады. Әдетте, ауру бір аптаға созылады. Оған тән белгілерге дене қызуының бірден көтерілуі, бұлшық ет пен бастың ауруы, қатты ауыру (өзі-өзі нашар сезіну), құрғақ жөтел, тамақтың ауыруы және ринит жатады.

Вирус ауруды жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде бөлінетін ауа-тамшылары арқылы адамнан адамға жұғады. Тұмаудың мезгілдік індет туғыза отырып, тез тарау үрдісі бар.

 Індетті жұқтырған адамдардың көпшілігі  ешқандай ем қабылдамай-ақ бір-екі аптада айығып кетеді. Алайда, балалар, қарт адамдар және қауіпті ауырумен ауыратын адамдар үшін тұмау қауіпті, ол аурулардың асқынуына, өкпенің қабынуы мен өлім-жітімге алып келуі мүмкін.

 Вакцинация — тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы. Вакцинация тұрғындардың барлық топтарына ұсынылады.

Вакцинация әсіресе тұмаудың асқыну қаупі жоғары топтағы адамдарға, сондай-ақ жоғары қауіп-қатер тобындағы адамдармен тұратын немесе оларға күтім жасайтын адамдарға қажет.

      ДДҰ жыл сайын келесі топтағы адамдарға вакцинация жасауды ұсынады:

  • жүктіліктің кез келген кезеңіндегі жүкті әйелдер;
  • 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар;
  • 65 жастағы және одан үлкен қарт адамдар;
  • созылмалы аурулармен ауыратын адамдар;
  • денсаулық сақтау саласының қызметкерлері.

 

Тұмауды вакцинациялау таралған вирустар вакцина вирусына сәйкес келген  жағдайда тиімдірек болады. Тұмау вирустары үнемі ауысып отырады және бүкіл әлемде ДДҰ-ның тұмауды эпидемиологиялық бақылау бойынша ғаламдық желісі (GISN), Тұмау бойынша ұлттық орталықтар серіктестігі адамдар арасында таралған тұмау вирустарына мониторинг жүргізеді.

ЖРВИ және тұмау ауруларын тоқтатудың  алдын алу шараларын  үш бағытқа бөлуге болады, олар:

салауатты өмір салтын ұстану және құнарлы тамақтану

қауіпсіздік шараларын сақтау

дәрі-дәрмекпен алдын алу

ЖРВИ-дің алдын алу жалпы сауығудан, шынығу, таза ауада дене шынықтырумен айналысу, шаңғы, коньки тебу, жүзу, құнарлы, дәруменге бай тағамды тұтыну, ал қыстың соңы мен көктемнің басында дәруменді, ең жақсысы табиғи дәрі-дәрмектер арқылы иммунитетті көтеруден тұрады.

Спецификалық емес профилактикаға жататындар: қолды сабынмен мұқият жуу немесе залалсыздандыратын құралдармен сүрту, бір реттік сүлгілерді пайдалану; көз бен  мұрынды жиі ұстамау; тұтқаны және таяныштарды сирек ұстау; халық көп жиналған орындарға (іс-шаралар, жиналыстар, кездесулер) бармау; қоғамдық телефондарды пайдаланбау; салауатты өмір салтын ұстану; керек жағдайда медициналық бір реттік бет пердені (маска) пайдалану.

 

Айлықтың мақсаты: халықтың,  әсіресе ауыру қаупі жоғары тұлғалар, ұжымдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасында жеке және қоғамдық қорғану шаралары, асқынудың алдын алу үшін медициналық көмекке дер кезінде қажеттілігі жөнінде хабарлылық деңгейін арттыру.

 

  Нысаналы топтар:

 

  • Барлық тұрғындар, әсіресе ауыру қаупі жоғары тұлғалар (созылмалы өкпе, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратындар, иммунитеті төмен адамдар, әлсіз және жиі ауыратындар, қарттар үйіндегі адамдар, медицина қызметкерлері)
  • Ұйымдастырылған ұжымдар (МДБҰ, білім беру ұйымы, балалар үйі, кәсіпорындар және т.б.)
  • Жұмыс берушілер, жұмысшылар

 

Серіктестер:

  • Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті және аймақтық тұтынушылардың құқығын қорғау комитеттерінің департаменттері
  • ҚР ҰЭМ «Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК
  • Әкімшіліктер
  • Денсаулық сақтау басқармасы
    • Жұмыс берушілер, бизнес құрылымдар
    • Білім беру басқармасы
    •  Мәдениет және ақпарат басқармасы
    • БАҚ

 

Айлық өткізуге ұсынылатын шаралар жоспары:

1. Жоспарды Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының деңгейінде, ҚР ҰЭМ аймақтық тұтынушылардың құқығын қорғау комитеттерінің департаменттерімен құру және бекіту.

2.  Уақытында вакцинация жасауға назар аудара отырып, ЖРВИ, тұмау, пневмококктық инфекцияның алдын алу шараларын хабарлау жөнінде БАҚ-тың жұмысын жетілдіру.

3. БАҚ-та кеңінен хабарлау арқылы мүдделі ұйымдармен бірге баспасөз мәслихаттарын, дөңгелек үстелдер өткізу.

4. Халық, медициналық ЖОО мен колледждердің жоғары курс студенттерінің арасында ақпараттық-коммуникациялық  жұмыс жүргізуге еріктілерді тарту.

5. ЖРВИ, тұмау, пневмококктық инфекциялардың алдын алу жөнінде жеке және қоғамдық қорғану ережелерін сақтау жөнінде стендтерді, санитарлық бұрыштар мен санбюллетеньдерді әзірлеу мен орналастыруды қамтамасыз ету.

6. ЖРВИ-дің алдын алу, жеке гигиенаны сақтау мәселесі жөнінде балалар үйінде, интернаттарда, мектепке дейінгі мекемелерде, білім беру ұйымдарында сурет, би байқауларын, театрландырылған қойылымдар, түрлі спорттық ойындар және т.б. өткізу.

7.  ЖРВИ, тұмау, пневмококктық инфекциялардың алдын алу мәселелері жөнінде мамандардың кеңес беруі арқылы МСАК ұйымдарында Ашық есік күндерін ұйымдастыру.

8. Жұмыс орындарында, соның ішінде ЖРВИ, тұмау, пневмококктық инфекциялардың алдын алу жөнінде халықты ақпараттандыруды арттыру мәселелері жөнінде ақпараттық-білім беру материалдарын тарату, аудио-бейнероликтерді көрсету арқылы мамандардыі кеңес беруімен медициналық қалашық жұмысын ұйымдастыру.

9. Адамдар көп жиналатын жерлерде АББМ және бейне-аудио өнімдерді таратуды қамтамасыз ету.

10. БАҚ арқылы халықты ақпараттандыруды жүргізу: теле-радиода сөз сөйлеу, өңірлік басылымдарға мақала беру, ЖРВИ, тұмау, пневмококктық инфекциялардың алдын алу мәселелерін хабарлау үшін тақырыптық бағдарламалар беру.

11. Гигиенаны сақтау мен ЖРВИ, тұмау, пневмококктық инфекциялардың алдын алу мәселелері жөнінде бейінді денсаулық мектептері, жастар денсаулық орталықтарында жұмысты ұйымдастыру. 

12. әрі қарай жұмыста қолдану үшін айлық нәтижесіне талдау жүргізу.

 

Болжалды нәтижелер:

- Өз денсаулығыңа міндетті вакцинацияны әсіресе, ауыру қаупі жоғары тұлғаларға, жұмыс берушілер мен қызметкерлерге жасату, тазалықты сақтау мен медициналық көмекке уақытында жүгіну арқылы ортақ жауапкершілікті қалыптастыру. 

- Гигиеналық дағдыларды үйрету, сондай-ақ қоғамдық қорғаныс шараларын арттыру.