МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 40%-ҒА ДЕЙІН АРТУЫ МҮМКІН

28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық-санитариялық көмектің учаскелік қызмет мамандарының жалақысын арттыруды тапсырды.

НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР:

  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалақыны көтеру жоспарлануда.
  • 40%-ға дейін – үздіксіз еңбек өтіліне байланысты.
  • 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтиды.

Бұл бастама медицина мамандарын қолдауға, олардың еңбегін ынталандыруға және алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.