ҚАЗАҚСТАНДА 70 ЖАҢА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ САЛЫНАДЫ



Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртудың жаңа кезеңі басталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің өңірлерінде 70 жаңа медициналық нысан салу жоспарланғанын мәлімдеді.

Жоспарланған негізгі жобалар:

  • 8 перинаталдық орталық – 1 900-ден астам төсек-орын;
  • 9 көпбейінді балалар ауруханасы – 1 950-ден астам төсек-орын;
  • 3 ұлттық балалар медицинасы орталығы;
  • 25 амбулаториялық-емханалық нысан;
  • 8 көпбейінді аурухана және басқа да мамандандырылған медициналық мекемелер.

Сонымен қатар қолданыстағы балалар ауруханаларын жаңғырту, перзентханалар мен жедел медициналық жәрдем нысандарын дамыту көзделген.

Басты мақсат – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, заманауи диагностика мен жоғары технологиялық емдеу мүмкіндіктерін кеңейту.

Жоспарланған жобалар еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.