Күзгі-қысқы маусымда жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың таралу қаупі артады. Сондықтан денсаулыққа мұқият қарап, алдын алу шараларын сақтау аса маңызды.
Аурудың негізгі белгілері:
- Дене қызуының көтерілуі;
- Мұрынның бітелуі, жөтел;
- Тамақтың ауыруы;
- Әлсіздік, бас ауруы.
Өзіңізді қалай қорғай аласыз?
- Қолыңызды жиі жуыңыз;
- Бөлмені жүйелі түрде желдетіңіз;
- Ауырған адамдармен жақын қарым-қатынастан аулақ болыңыз;
- Адам көп жиналатын орындарда маска тағыңыз;
- Тұмауға қарсы уақтылы екпе алыңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Егер ауру белгілері пайда болса, үйде қалып, дәрігерге қаралыңыз. Антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдамаңыз. Өйткені антибиотиктер вирустарға әсер етпейді.
Аурудың алдын алу — денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы!
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!
