АҚЖОЛТАЙ КҮН! ТАРИХИ СӘТ!



Республика күні қарсаңында елорда медицинасының тарихында ерекше орын алатын айтулы оқиға болды!

Астана қаласындағы №2 Көпбейінді қалалық аурухананың жаңа қабылдау-диагностикалық орталығы салтанатты түрде ашылды!

Кеше арман болған іс — бүгін ақиқатқа айналды!

Бұл — халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам, елорда денсаулық сақтау саласының жаңа белесі.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқы Әлназарова, Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек және құрметті қонақтар қатысты.

Бұл — жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл — озық медицина, инновация және жасанды интеллект технологиялары тоғысқан заманауи медициналық орталық!

Орталық соңғы үлгідегі жоғары технологиялық медициналық аппараттармен, жасанды интеллект негізіндегі инновациялық жүйелермен және заманауи диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мұнда медициналық қызметті цифрландыруға, ауруларды ерте анықтауға, диагностиканың дәлдігін арттыруға және күрделі операцияларды жоғары технологиялық деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін озық шешімдер енгізілген.

Біз үшін ең басты құндылық — адам өмірі мен денсаулығы!
Бұл игі бастама — жылдар бойғы жүйелі жұмыстың, қажырлы еңбектің және ортақ мақсатқа деген сенімнің нәтижесі.

Орталықтың бой көтеруіне үлес қосқан барша азаматтарға, құрылысшыларға, инженерлерге, медицина қызметкерлеріне және қолдау білдірген жандарға шынайы алғысымды білдіремін!

Жаңа орталық мыңдаған жанға шипа, талай отбасына үміт сыйласын!
Қадамы құтты, келешегі кемел болсын!

Еліміз аман, халқымыздың дені сау болсын!

Нұрбол Нұрланұлы Тұрсынбаев
№2 Көпбейінді қалалық аурухананың директоры