-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
25 қазан – Республика күні қарсаңында №2 Көпбейінді қалалық ауруханада ұлттық мерекеге арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, жиналған қауымға ерекше патриоттық рух сыйлады.
Салтанатты жиында аурухана директоры Нұрбол Нұрланұлы Тұрсынбаев ұжымды Республика күнімен құттықтап, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби біліктілігімен және адал еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге жоғары марапаттар мен алғыс хаттарды табыстады.
Марапат иелері:
«Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен
Нұрашбекова Шолпан Сыдыққызы марапатталды.
«Санжар Асфендияров» медалімен
Сақыпов Марат Қанапияұлы марапатталды.
«Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен
Павлов Андрей Михайлович және Беспалько Евгений Олегович марапатталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Құрмет грамотасымен»
Маканова Роза Жаңабаевна марапатталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Алғыс хатымен»
Абильдин Дәурен Елеубаевич марапатталды.
Есіл ауданы әкімінің «Алғыс хатымен»
Сағымбаев Темірлан Баршанұлы, Асқарова Меруерт Хасановна, Бекманов Илес Худайбердиевич, Накенова Бақыткүл Шоптыбаевна және Рамазанова Анар Альбековна марапатталды.
«Әрбір марапаттың артында тынымсыз еңбек, кәсіби шеберлік пен адам өміріне деген шексіз жауапкершілік жатыр. Сіздердің адал қызметтеріңіз – ұжымымыздың мақтанышы, ел медицинасының мерейі», – деп атап өтті аурухана басшысы.
Бұл марапаттар – медицина қызметкерлерінің халық денсаулығын сақтау жолындағы қажырлы еңбегіне көрсетілген жоғары құрмет пен сенімнің белгісі.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Республика күні құтты болсын!
