-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
Астана қаласының №2 Көпбейінді қалалық ауруханасында медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Қанды гемокультураға алу: қауіпсіздік талаптары мен заманауи әдістер» тақырыбында оқыту сабағы өтті.
Сабақ барысында қан үлгілерін микробиологиялық зерттеуге дұрыс алу, асептика және антисептика талаптарын сақтау, биологиялық материалдың контаминациялану қаупін төмендету мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар қатысушылар BD BACTEC жүйесіне арналған арнайы флакондарды пайдалану, аэробты және анаэробты қан культураларын алу тәртібі, үлгілерді дұрыс таңбалау және зертханаға тасымалдау талаптарымен танысты.
Оқыту барысында қан алу процедурасының әр кезеңінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және зертханалық нәтижелердің дәлдігіне әсер ететін маңызды факторларға ерекше назар аударылды.
Мұндай оқыту сабақтары медицина қызметкерлерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, зертханалық диагностиканың сапасын арттыруға және пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Кәсіби білімді үздіксіз жетілдіру — сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмектің маңызды негізі
